Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Польшада бойында алкоголі көп сәби дүниеге келді. Бұл туралы Рrofi-forex.org порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлайды.

Сәби Томашов-Мазовецкий қаласында туылды. Оның анасы перзентханаға дүкенде есінен танып қалған жерінен жеткізілген. Айы-күні жақын әйелдің удай мас екені белгілі болды. Дәрігерлер оның құрсағын тіліп, нәрестені аман алып қалды. Өмірге мерзімі­нен екі апта бұрын келген сәбидің бойынан 4,5 промилле алкоголь анықталды. Демек, оның анасы 1 литрге жуық спиртті ішімдік ішкен. Алко­­голь­­дың мұндай мөлшері сәби түгіл, ересек адамның өзін өлтіріп жіберіп жатады. Мамандар нәрестенің іш құрылысы мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір оның денсаулығы бақылауда. Ал арақ ішкен ана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

 http://alashainasy.kz/world/42713/

Рубрика: