Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақ мәдениеті мен өнері тағы бір орны толмас қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында сырқаттан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қанымбек Қасымбеков өмірден озды.

Қанымбек Қасымбеков  1943 жылы 4 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер ретінде еңбек еткен. Ол түсірген «Шоқ пен Шер» толық метражды көркем фильм 1972 жылы Монте-Карло қаласында өткен Халықаралық фестивальде балаларға арналған кино туындылары арасынан бас жүлдені, сондай-ақ аталмыш фильм Ташкент кинофестивалінде КСРО Киноматография одағының жүлдесін жеңіп алған. Оның «Қызыл отау», «Қоштасқым келмейді», «Ұш, тырнашым, ұш», «Соңғы түлкі», «Саған күшік керек пе?» атты көркем фильмдері бар.

 

Режиссерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 17 ақпан күні 09.00-де «Қазақфильм» киностудиясында өтеді.

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/42557

Рубрика: