АЛТЫНОРДА
Новости

Канн кинофестиваліне қазақ киносы қатысты

Астана. 25 мамыр. BAQ.KZ — Канн қаласында 67-ші Канн кинофестивалі аяқталды. «Алтын пальма бұтағына» түрік режиссері Нури Бильге Джейланның «Қысқы ұйқы» картинасы ие болды. Гран-при жүлдесі италиялық режиссер Алиса Рорвакердің «Ғажайыптар» фильміне бұйырды,-деп хабарлайды kaztrk.kz фестивальдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал ең үздік ерлер рөлі жүлдесін қазылар алқасы британдық актер Тимоти Споллуға берді. Ол Майка Лидің «Уильям Тернер» картинасында суретшінің рөлін сомдаған. Ең үздік әйел рөлін америкалық актриса Джулианна Мур Дэвид Кроненбергтің «Жұлдызды карта» фильміндегі рөлі үшін иеленді. Ал режиссура үшін «Охотник на лис» фильмін түсірген америкалық Беннет Миллер жүлдеге ие болды. Үздік сценарий жүлдесін ресейлік Андрей Звягинцевтің «Левиафан» картинасы иеленді. 67-ші Канн кинофестиваліне 18 лента қатысты. Оның ішінде қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмі де енген.

http://baq.kz/kk/news/47666