Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қаржы полициясы басшысының орынбасарын атып өлтірген адамның фотороботын таратты.

«Юбилейное көшесінде жасалған қастандыққа күдікті ретінде еуропалық келбеттегі азамат іздестірілуде. Оның жасы 25-30 аралығында болуы мүмкін. Бойы шамамен – 175 сантиметр. Дене бітімі арықтау келген. Қылмыс жасаған күні көк-қара түсті спорттық бас киім, мамықтан жасалған (пуховик) сырт киім киген», — делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.

Полиция кез келген ақпарат бойынша мына телефондарға қоңырау шалуды өтінеді: 8 (7152) 39-40-07, 39-40-37, 39-48-07, 61-20-02  немесе 102.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/39124

Рубрика: