Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Канада үкіметі Украина үкіметінің жоғары шенді шенеуніктерінің елге кіруіне тыйым салатынын жариялады. 

Канаданың азаматтық және миграция істері министрі Крис Александердің мәлімдеуінше, тыйым Украинадағы наразылық акцияларын басып-жаныштауға қатысы бар тұлғаларға салынады. Оның сөзіне қарағанда, Канада «еркіндік пен демократия жолында батыл және ашық күресетін украин халқын қолдай береді».

Крис Александердің мәлімдемесін Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд те қоштап, Киевке жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін АҚШ та Украина билігіне шерушілерді басып-жаныштау тоқтатылмаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140129/330/330.html?id=25246377

Рубрика: