АЛТЫНОРДА
Новости

КАЛАШНИКОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Ижевскіде 95 жасында атақты Калашников автоматын құрастырушы өнертапқыш Михаил Калашников қайтыс болды. 
«Өмірінің 95 жасында кеңестік және ресейлык атқыш қарулардың құрастырушысы Михаил Тимофеевич Калашников  қайтыс болды. Марқұмның қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Удмуртия өкіметі жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз міндетіне алған. М.Калашников автоматты 1947 жылы құрастырған. Автомат бірнеше рет жаңартылып, әлем бойынша 70 млн  данадан астам автомат құрастырылған. Қазір атыс қаруын 50-ден астам елдің қорғаныс күштері қолданады. М.Калашников аңшылық мылтық пен пулеметтерді де құрастырған.
М.Калашников екі мәрте социалистік еңбек батыры атағын, ал 2009 жылы Ресей Федерациясының батыры атағын алды. Кезінде Ленин және мемлекеттік сыйлықты да алған. Ленин орденімен үш рет, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, ІІ дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордендерімен,  Әулие апостол Андрей Первозванный орденімен  марапатталған. Даңқты азаматтың Қазақстанға да қатысы бар. Ол бұрынғы Талдықорған облысындағы Матай стансасында тұрған кезінде Калашников автоматын алғаш рет құрастырған.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/38865