Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

DSC_5291Елбасымен қойылған 5 институционалдық рефораманы жүзеге асыру, алдағы 10 жылдық ішінде 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу –  Қазақстан Республикасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Дербес, жоғары кәсіби білікті мемлекеттік аппарат құрамын құру,  алға қойылған реформаларды сәтті жүзеге асырудың басты шарты  болып, қашаннан адами фактор әсер етеді. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін реформалаудағы басты бағыт – кадрлық әлеуетті дамыту.

–  Кадрлық саясатты жаңарту 2012 жылы кезектен тыс өткізілген аттестаттаудан басталды. Қызметкерлерді аттестаттау атқару жүйесінің жетілмеген тұстарын айғақтайтын бірқатар мәселелердің бетін ашты, — дейді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр жұмысы Департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі саясат ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты Роза Досымбекова. — Осы мәселелерді шешу мақсатында, Елбасының тапсырмамасымен барлық құқық қорғау органдарына жалпы бірдей кадрлық саясатын дамытатын Тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада шетел және отандық тәжірибеге сүйене отырып,  құқық қорғау органдарының кәсіби білікті кадрлық құрамын құру,  жаңартпашылық технологиялар, ұстанымдық модельдерден мансаптық қызметке өту, қызметкердің заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, халықтың сенімін арттыруға максималды түрде бағдарлану   алға қойылған. Тұжырымдаманың басты бағыттары бойынша біздің келешекте құқық қорғау органдарының жүйесін дамытуға толық мүмкіндігіміздің бар екенін көрсетті. Дегенмен, басқа да мемлекеттік органдар секілді қазіргі кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің кейбір бағыттарын жетілдіру талап етіледі.

Роза Досымбекованың айтуынша, Бас прокуратура тарапынан аталған мәселелерді шешу үшін республикалық деңгейде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерін полиграфологиялық тексерулерден өткізу, прокуратура органдары қызметінің тиімділігін бағалау, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлеріне қызмет өткеру жағдайларына қанағаттанушылық деңгейін анықтау жөнінде Ережелер әзірленді. Кадр жұмысы бөлімшелерімен әзірленген 30 ға жуық нормативтік құқықтық актілерден бөлек, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және қызмет атқару тәртібі мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге» инновациялық екі заң жобасы әзірленді.

2014 жылдан бастап, мемлекеттік тілді кәсіби жоғары деңгейде игерем деген прокуратура органдары қызметкерлерге «Мемлекеттік тілді-тілдік ортада үйрену»   пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл елімізде тұңғыш рет Бас прокуратураның бастамасымен  жүргізіліп жатқан  іс-шара. Бас прокуратурамен мемлекеттік тілді жетілдіру бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары жоғары бағаланып, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл»  ресми рәмізімен наградталып атап өтілсе, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кәсіби кадр құрамын қалыптастыру кезінде заманауи шешімдерді іздестіруге ықпал ететін Астана экономикалық форумының аясында дербес панельдік сессияларды өткізу дәстүрге айналды. Бас прокуратураның бастамасы бойынша екі рет (2014 және 2015 жылдары) Тұжырымдаманы іске асыруға байланысты шетелдік белгілі сарапшылар мен өз әріптестеріміздің қатысуымен дербес тақырыптық сессиялар өткізілді. Ағымдағы жылы VІІІ Астана экономикалық форумының аясында құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдардың полиграфологтарының 1-ші Конгресі ұйымдастырылды.Осы шаралар барысында халықаралық сарапшылар Тұжырымдамада көзделген инновациялық шешімдерді жүйелі түрде енгізу көзқарасын атап өтті, бұл өз кезегінде халық сенімінің деңгейін арттыруға себебін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас мәселелеріне  ерекше көңіл бөлінеді, ұстаздар құрамымен және студенттермен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде бірнеше өзекті мәселелер айқындалып, соның ішінде іс-тәжірибе бойынша білім беру  бағдарламалары, дуалдық оқытудың элементтерін кеңінен енгізу,  жас мамандарды жоғары білім беру қабырғасынан бастап даярлау, прокуратура органдарына қызметке қабылдау үшін алдын-ала кадр резервін қалыптастыру мәселелері қолға алынды. ҚазГЗУ мен бірлесе отырып,  жаңа оқыту әдістерін енгізу, оқыту бағдарламаларының сапасын арттыру, прокурорлық қызметтің  әртүрлі бағытында кәсіби стандарттарын әзірлеу жұмыстарды басталды. Жас маман қызметке қабылданатын кезде іс құжаттарын тез дайындау үшін іс жүргізуге арналған тілдік құрал, сондай-ақ әдет нормаларын сақтау, қаруды қолдану, физикалық дайындыққа арналған оқу құралдары әзірленуде.

–  Ғылыми-әдістемелік негіздің бір бағыты мемлекеттік кадрлық саясаттың тиімділігі болып табылады және оның әлеуметтік базасы арқылы анықталады. Қызметті жүзеге асыруда кадрлық саясат патриоттық, кәсібилік, өзара қолдау көрсету, тәжірибелі кадрларға ықыласпен қарау құндылықтарын қолдауға және дамытуға бағытталады. Осы бағытты ұстану барысында, мемлекеттік қызметкердің заң алдында адалдығына, әділдігіне байланысты мәселелер де айрықша назар аударуды қажет етеді. Қорыта айтқанда, кадрлар саясатын жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету басымдығы интеллектуалды элитаның қалыптасуымен анықталып, кадрлық саясаттың маңызды аспектісі ретінде адамгершілік және кәсіби сана-сезімнің жоғары болуы, саяси көзқарастарының нақтылығы Қазақстан Республикасының болашағының жарқын дамуына әсер етуші құндылықтар болып табылады. Қазіргі таңда кадрларды іріктеу мен орналастырудың, жас мамандарды үйретудің, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды әлеуметтік қорғаудың, сапалы резервті қалыптастыруға назар аударылып отыр. Елбасы ұсынған дәйікті бес институционалдық реформаны, 1,5 жыл ішінде құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының Тұжырымдамасы аясында кадрларды іріктеу мен жоғарылату жүйесін дамыту жұмысы қарқынды жүргізілсе, алдағы уақытта кадрлар қызмет мүддесіне адал болуға және моральдық-орнықтылыққа тәрбиелеуге байланысты маңызды мәселелер реттелетін болады деп күтілуде, — дейді Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы Роза Досымбекова.

Қазақстан Республикасы халықаралық аре­нада демократиялық, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде танылуындағы ма­ңызды мәселелердің бірі кәсіби мемлекет құ­ру­дағы еліміздегі кадрлық саясатты дамыту. Мемлекетімізде алға қойған басым бағыттарды шешу үшін, кадр жасақ­таудың қалыптасқан жүйесін дамытудың мақ­саттары мен міндеттері еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси-модернизация үрдісі­мен сабақтастырылған. Жоғарыда аталған бағыттарды тәжірибеге енгізу және оларды іске асыру толықтай Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларынан туындайды және бұл құқық қорғау органдарының сапалы кадрлық құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді, соның ішінде жоғары тұрған орынға кәсіби қызметкерлерді көтермелеу арқылы, ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдаудың жеделдігін дамыту, жалпы алғанда атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы мен басты мақсаты: халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Сондай-ақ, кадрларды даярлау, олар бойынша ұсынымдар әзірлеу, қызметкерлердің кәсіби және іскерлік қабілеті мен жеке басының қасиетін бағалаудың үдемелі өлшемдерін енгізу, олар бойынша талдау жасау жөнінде бірлескен жұмыстарды жүргізу үшін оқу білім ошақтары, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдары арасындаарнайы комиссия құру  бойынша пәрменді шаралар қабылдануда. Алдағы уақытта, Тұжырымдаманың бірінші кезеңінің жаңа тәсілдемелерінен бөлек, қызметкердің қалыптасуы мен дамуының жаңа бағыттары пысықталып, оның нәтижесі туралы кезекті қоғамдық Кеңесінің отырысында кеңінен талқылау жоспарлануда.

 

 

 

 

Рубрика: