Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz – Алматыда «Прайм плаза» сауда үйінде Қайрат Нұртастың концертінде бұзақылық жасағандарға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды 7 арна. 

Олардың үстінен «дүрбелең кезінде таспен қорқытып, ақша, қалта телефоны мен құнды заттарымызды тартып алды» деп жәбірленушілер шағым түсіргеннен кейін қылмыстық іс қозғалған еді. Кеше Алатау аудандық соты кісі тонады, қарақшылық және бұзақылық баптары бойынша айыптар тағылғандардың жарыссөзін тыңдады.

Сот процесі бір сағатқа кеш басталды. Дегенмен екі тараптың жарыссөзі тартысты өтті. Мемлекеттік айыптаушының сотталушыларға тағайындаған жазаны адвокаттар қолдаған жоқ. Олардың айтуынша, тергеу кезінде айыпталушылардың қарақшылық шабуыл жасағаны дәлелденбеген. Бұған қоса, осы топтан жәбір көргендердің басым бөлігі өздерін тонағандарға кешірім жасағаны да айтылды.

http://baq.kz/kk/news/41858

Рубрика: