Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

анрБір орыс жігіттің әйелі күйеуінің анасының көйлегін жуып жатыр делік. Алайда, оның санасында «енемнің киімін жуып жатырмын» деген түйсік болмайды. Қайта «үйі бөлек кемпірдің киімін жуып маған не болды» деп «қорланады».

Еуропа бедеуленді. Шұбыртып бала табатын әйел жоқтың қасы. Тіпті ұрпақ көруден үзілді-кесілді бас тартып жатқандар мыңдап саналады. Мұның себебі не? Әркім әртүрлі пікір айтады. Ал, соңына тұяқ қалдырмай, пұшпағын қанатпаған қалпы өмірден өткісі келетіндердің уәжіне назар салсақ, олардың 70 пайызға жуығының пікірі мынау:

«Біз бала сүйсек те, сүймесек те өміріміздің соңында жалғыз қалады екенбіз. Оны табады екенбіз, бағады екенбіз, оқытады екенбіз… Сөйтіп бар азабын көрсетіп, жетілгеннен кейін өз жөніне кете береді екен. Бір ауыз сөзіңді құлағына да ілмей өз білгенімен кете бермек. Сонда не әурешілік. Онанда тапқанымыз таңдайымызға, жұтқанымыз жұмырымызға, бір келетін өмірдің азабын емес қызығын көрмейміз бе?!.». Бұл пікірлері бір қарағанда қисынға келетін де секілді. Бірақ баладан безіп нендей қызық көрмек? Ол жағы өз алдына бөлек әңгіме…

Ресейде де осы жағдай. Осы көзқарас. Бір сәби туылса 10 мың доллар  ақы төленетін заң шыққаннан кейін 4 жыл өткенде,  кейбір депутаттар осы тәсілдің онша өнімді болмағанын айтып «ақшасын азайтсақ қалай болады?» деп домбытуда. Себебі, төрт жылдың ішінде туылған сәбилердің басым бөлігі сол елдегі мұсылмандар болып шығыпты. Олардың жаңағы тиімділікті емін-еркін пайдалануы көзқарақты орыстардың қызғанышын тудырған.

Ата-ана мен баланың ортасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда кез-келген отбасында берекесіздік, бақытсыздық белең алатыны рас. Жоғарыда сөз болған еуропалықтар да, орыс, қытайлар да «ене», «қайын ата» деген ұғым жоқ. Олардың бір үйде тұрып өмір кешуі тіпті мүмкін емес. Қартайғанда жалғыз қаламағанда қайтеді? Қарттар үйін паналамағанда қайда барады?

Бір орыс жігіттің әйелі күйеуінің анасының көйлегін жуып жатыр делік. Алайда, оның санасында «енемнің киімін жуып жатырмын» деген түйсік болмайды. Қайта «үйі бөлек кемпірдің киімін жуып маған не болды» деп «қорланады». Осы әдет кейін қазаққа да жұқты. Тарихқа қараңыз, қазақ қашан орыстана бастаса, сол кезден бастап қарттар үйі пайда бола бастады. Жетімдер үйі, тастанды бала дегендер етек алды. Әйтпегенде, «байлықтың басы бала», «бір қой егіз тапса, бір шөптің басы айыр шығады» деген таныммен өмір кешетін қазақтың әр шаңырағынан оннан аса қарадомалақтар өріп шығатыны кеше ғана емес пе еді!?

Ене мен келін болып бір күркенің ішінде өмірбақи тату тәтті ғұмыр кешетін ғұрпымыздың түп қазығы Исламға байланған болатын. Енесі алжығанша асын алдына тосып, соңғы демі үзілгенше аузына қасықтап су тамызып аттандыратын қайран қазақтың келіндері-ай! Алла Тағала беттеріңнен жарылқағай! «Ата-ананың ризашылығы – Алланың ризашылығы» екенін білетін есті ұрпақ қандай жағдайда да олардан іргесін аулақ салмақ емес. Қайта ата-анасын бағуға бірге туған ағайындарымен «мен бағам, мен бағам» деп таласатын болған. Қазіргідей бір-біріне итермелеп отырып қарттар үйінен бірақ шығаратын жағдай түстеріне де кірмейтін. Жүректен иман азайса, Алладан қорқыныш азаяды. Алладан қорықпаған адам ақирет күнін ойлап не қылсын! «Ата-анасы тірі тұрып жұмақтан құр қалғанның ісі құрысын…» деген шариғат қағидасын жүрегіне сіңіріп, амалына айналдыра білген ұрпақтың ата-анасы қандай бақытты! Өмірдің бұдан асқан қандай қызығы болмақ!

Әр отбасы осы бақытты сезінсе, сол үшін білім іздеп іс қылса қазақ қаулап өсер еді! Ел іргесі беки түсер еді, оған ұлағатты ұл-қыз өсірген әркім үлес қосқан болар еді!

Оңғарбек Нұрғали,

«Айтыс-ақпарат»

Рубрика: