Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_96ce0928b233fdebbef69de5a3d799cfАстана. 4 шілде. Baq.kz – Батыс баспасөздері Док Умаровтың Ресейге қарсы экстремистік бағыттағы үндеуін жариялағаны туралы ақпаратты таратқан болатын. Ресейдің терроризмге қарсы комитеті осыған байланысты арнайы қызмет өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін спорттық ойындар кезінде барынша күш салатынын мәлімдеген, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.

 Жақын арада Ресейде бірқатар спорттық ойындар өтеді. Қазан қаласында Универсиада ойындары, тамыз айында Мәскеу қаласында жеңіл атлетикадан чемпионат, 2014 жылы Сочи Олимпиадасы, 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты жоспарланған.
«Бұл (Ресейдегі Олимпиада – ред.) біздің жауларымызға ұнамайды. Мен оларды үнемі «батыстық, еуропалық» деп атаймын. Олар Док Умаров секілді қолшоқпарларды пайдаланады. Ол шайтан. Біз Олимпиадаға дейін оның көзін құртамыз деп ойлаймын», — деді Қадыров журналистерге берген сұқбатында.
«Біз оны қазіргі уақытта іздеудеміз. Бірақ ол табылмай отыр. Қазіргі уақытта жасырынып жүргені анық», деп атап өтті Шешенстан басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, Умаров – мұсылмандардың қас жауы, адамзаттың қас жауы.
«Егер оның мүмкіндігі болса, ол Шешенстанға тыным бермес еді. Біз өткен жылы 350 әр түрлі іс-шаралар өткіздік. Оған 5 миллиондай адам қатысты. Ол жерде спорттық, саяси, мәдени іс-шаралар бар. Бірақ бұл шаралар ешқандай оқыс жағдайларсыз өтті», — деді Қадыров.
«Мен мұны даурыққан іс деп білемін. Оның бар мақсаты адамдарды үрейде ұстау. Өзінің «ойындарын» жалғастыру үшін оған батыстық әріптестерінің бірі ақыл бергені анық», — деп мәлімдеді Шешенстан Президенті.
«Умаров – ешкім емес. Оны бұл жақта бәрі ұмытқан. Оның таратқан мәлімдемесіне бізде ешкім мән бермейді. Сондықтан оны елеудің қажеті жоқ. Умаровтың артында тұрған ешкім жоқ екенін білеміз. Ол тек осындай даурықпалармен айналысады» дейді Қадыров.
Осыдан бұрын Қадыров Умаровтың көзін жойғысы келетінін айтқан болатын. Тіпті осы ісін арманы деп санайды. Егер Умаров өз өлімімен өлсе өкініш екенін де білдірген.

 

http://www.baq.kz/kk/news/31687

Рубрика: