Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)Қасиетті Қадір түнінде не істеуім керек, неден бастаймын? Жалпы Қадір түнін қалай қарсы алу керек?

Асылбек, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.

Шілденің 23-інен 24-іне қараған түні күн батқан уақытта Қасиетті Қадір түні кіреді. Бұл күні Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс. Қадір түні – Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Құран Кәрім түскен күн. Яғни бұл түнді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең бірінші Құран оқудан бастаған. Ендеше біз де бұл түні Құран Кәрім оқудан бастағанымыз дұрыс. Құранның қазақша нұсқасын оқып, ондағы жазылған аяттардың мағынасын түсінуге тырысауымыз керек. Негізі Қадір түнін лажы болса, Алланың үйі – мешітте өткізген абзал. Өйткені үйде күткенде адам қанша дегенмен ұйқы қысып, қалғып кетуі мүмкін. Ал мешітте көпшілік құлшылық жасап жүреді, онда уағыз айтылады, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алуына болады. Мешіттерде неше түрлі діни кітаптар бар, оларды да оқуға болады. Қадір түні үйде немесе мешіттерде діни кітап оқып, діни фильмдер көрудің өзі ғибадат болып саналады.

Бір ерекше айтып кететін жайт, Қадір түні Қыдыр ата келеді деп дастархан жайып, есіп-терезелерді ашып қойып, ыдыстарға су толтырудың керегі жоқ. Қадір түні аспаннан періштелер түсетіні сөзсіз. Бірақ олар суға, тағы басқа нәрселерге мұқтаж емес. Өйткені олар ішпейді де, жемейді де. Ал Қыдыр атаға қатысты айтатын болсақ, қасиетті Қадір түнімен Қыдыр атаның бір-бірімен мүлдем қатысы жоқ, екеуі екі басқа ұғымды білдіреді. Қыдыр ата – бізге, яғни қазақ даласы мұсылман діні келмей тұрғандағы түсінік. Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталаған. Әр үйге кіріп шығады деген түсінік бар, сондықтан бұл күні есікті ашып қойып отырған. Ал Қадір түніне келетін болсақ, бұл ислам, яғни мұсылмандардың түсінігі бойынша Алла Тағаланың қасиетті кітабы – Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен күн. Осы кештің қасиеті мың айдан артық делінген аят бар. Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы жалғыз Алладан тілек тілеген. Сондықтан бұл екі ұғымды шатастырмауымыз керек.

«Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы» – делінген. Яғни адам баласының өмірі әрі кетсе қазір 70 немесе 80 жаспен шектеледі. Сонда мың ай 84 жылмен бірдей, яғни өмірбойы құлшылық істегеннің сауабын бір түннің ішінде ала аласыз. Демек, бұл түнде намаз оқысаңыз, 84 жыл намаз оқып шыққанмен бірдей болады. Егер, сіз садақа берсеңіз, онда 84 жыл беріп жүрген боласыз. Міне, осылайша барлық құлшылықтарымызды арттырып алуға болады. Мол сауапқа кенелу үшін Қадір түні пітір садақа берудің де сауабы мол. Биылғы пітір-садақаның мөлшері әрбір адамға 200 теңге деп бекітілген. Жалпы Қадір түні Алла Тағаланың разылығы үшін жасалған әрбір халал іс құлшылық болып есептеледі. Білім іздену, намаз, Құран, хадис оқу, тәспі тарту – осының барлығы халал құлшылық.

Бұл түні нәпіл және қаза намаздарын оқып, Аллаға тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» деген. Пайхамбарымыз (с.ғ.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни» деп дұға етуге кеңес берген. Оның қазақша мағынасы – «Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!».

Сондықтан қадірлі ағайын, Қадір түні әрбіріміз өз мүмкіндігімізше құлшылық жасап, Алладан кешірім сұрауымыз керек. Қасиетті Қадір түнінде еліміздің барлық мешіттері ашық болады. Алайда біз мына нәрсені естен шығармауымыз керек. Алланың үйінде жайдан-жай отыруға немесе әңгіме айтуға болмайды. Басқаларға бөгет жасамау керек. Сондай-ақ мешітке тамақ әкеліп, осында тамақтану да дұрыс емес. Себебі Қадір түнін мешітте күткен әрбір мұсылман бауырға сонда сәресі беріледі. Ең бастысы, бұл түні құлшылық жасаған жөн. «Субханалла» (Аллаһ Тағала бәрінен де жоғары), «Әлхамду лилла» (Бар мадақ Аллаһ Тағалаға), «Алаһу акбар» (Алла Ұлы) деген сөздердің әрқайсын 33-реттен айтып, тәспі тарту керек. Өйткені тәспі тарту – адамның иманын арттырып, рухын нұрландырады. Онымен қоса, әрбір адам өзі білетін сүрелерді іштей айтып, көп дұға жасап, жақсы тілектер тілегені абзал.

Былайша айтқанда, Қадір түнінің сауабына тең келетін түн жоқ, сондықтан бұл түнді бос өткізбеуге тырысып, Алла Тағаладан қалаған нәрсемізді сұрауымыз керек. Алла Тағала біздің жасаған игі-тілектерімізді қабыл етсін. Амин!

Қадір түнін күту сәресінен кейін, таң намазында тоқтатылады.

http://alashainasy.kz/din_islam/52354/

Рубрика: