Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

3bb2256764dd1bbffcf1b5c8925f5919«Жастарды тарихи құжаттарды сараптауға үйретуіміз керек». Е. Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің археология, этнология және отандық тарих кафедрасының менгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Өскембаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деп пікір білдірді.

«Қазір қолға алынып жатқан шаралар – мұның барлығы «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы ғой. Сол мәдени мұра бағдарламасында шыққан материалдарды біз жастардың бойына сіңіріп, оларды соның негізінде жұмыс істеуге талпындыру қажет. Қазір ол деректер сөрелерде жатпауы тиіс, қалып қоймауы керек. Оларды пайдаланып, сараптау өте маңызды. Ол біздің міндетіміз, жастарды тарихи құжаттарды сараптауға үйреткен жөн», -деді ол.

Сонымен қатар, Қ. Өскембаев шетелдерде бүгінгі күнге дейін бізге құпия болып келген өте тың деректер көптеп кездесетінін айтты.

«Бізде бакалавриатта, одан кейін магистратурада оқитындар бар. Докторантурада білім алып жүргендер де баршылық. Осы жастар жоғарыда аталған тақырыптардың төңірегінде, қазіргі жаңа деректерді сараптау, соларды пайдалануға беру бағытынды жұмыс жасап жатыр», — деп толықтырды ол.

Шыңғыс ҒАЙЫП


http://bnews.kz

Рубрика: