Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_78574320635af76d2a5d10d67782f42fАстана. 30 шілде. Baq.kz – Вашингтонда Израиль мен Палестина делегациясының өкілдері өздерінің құрметіне жайылған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірлескен кешкі аста бас қосты деп хабарлайды BBС-дің орыс қызметі.

Бұл соңғы үш жылдағы Израиль мен Палестин билігі өкілдерінің бетпе бет отырып, алғаш келіссөздер өткізуі екен.
Бұрын хабарланғанындай, апта дүйсенбісінде Керри Израиль әділет министрі Ципи Ливни бастаған бір топ билік өкілдерімен және Палестина тарапының басты мәмілегері Саеб Эракатпен арнайы жеке-жеке кездесулер ұйымдастырған болатын.
Ал осы жайтқа қатысты АҚШ мемлекеттік департаменті «қазіргі кезде аймақтар жуық арада ұйымдастырылатын және талқыланатын мәселелерді жан-жақты сараптап жатыр» — деп мәлімдеct6 мұндай «оқиғаны» ескерусіз қалдырмауға тырысатын АҚШ президенті Барак Обама келіссөзге қатысушы тараптарға өз алғысын білдірген.

 
http://www.baq.kz/kk/news/33113

Рубрика: