Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Газа секторына Израильдің әуе соққысынан кейінгі көрініс. 9 тамыз 2014 жыл.Газа секторында тағы да 72 сағаттық бітім жариялау туралы Египеттің ұсынысына 10 тамыз күні Израиль келісімін берді. Тель-Авив егер уақытша бітім бұзылмаса, Каирге палестиналықтармен келіссөздер жүргізу үшін делегациясын жіберетінін мәлімдеді. Бұған дейін палестиналық топтар 11 тамызға қараған түні күшіне енген үш күндік бітімге келіскен.

Жексенбі күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторы жағынан Израиль территориясын атқылау тоқтамайынша Египет арағайындық жасайтын ХАМАС ұйымымен бейбіт келіссөздерге Израильдің қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Израиль әскерінің 8 шілдеден бері Газа секторында ХАМАС ұйымына қарсы жүргізіп жатқан операциясы барысында 1 мың 900-ден астам адам қаза тауып, он мыңға таяу адам жараланған. Құрбан болғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Израиль жағынан 67 адам мерт болған, олардың көпшілігі әскерилер.

http://www.azattyq.org/content/news/26524054.html

Рубрика: