Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Итальяндық режисер Қазақстан туралы 20 сериялы деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясыныңFacebook-тегі парақшасында айтылды.

«Киностудияға итальяндық сценарист, көптеген телешоулар мен деректі фильмдердің режисері Давиде Тапперо Мерло қонақ болды. Ол Қазақстанға еліміз туралы деректі фильм түсіруге келген екен. Отанымыздың мәдениеті, табиғаты, шоу-бизнесі туралы сөз қозғалады. Бір емес, 20 серия. Фильмнің басты кейіпкері Италиядан келген қазақстандық әнші Сон Паскаль болады. Сон әр серияда көрермендерге Қазақстанды таныстырып отырады», — делінген киностудия парақшасында.

Қонақты «Қазақфильм» АҚ-ның директоры Олжас Мұсабеков пен актер әрі продюссер Әнуар Нұрпейісов күтіп алды. Итальяндық сценарист, сонымен қатар, отандық кино қайраткерлерімен әңгіме-дүкен құрды.

Айта кетелік, Давиде жарнама саласының тәжірибелі әрі кәсіби маманы. Ол осы уақытқа дейін MTV, La7, Deejay TV, Comedy Central, Nickelodeon, Mediaset, Endemol, Sky, Nokia, Samsung, Unilever, Universal Music, UEFA Champions League ұжымдарымен бірлесіп жұмыс жасап, көптеген жарнамалық роликтер түсіріп үлгерді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Массагет Сон Паскальдің елордада «Zhanym sol» атты жаңа композициясын ұсынғандығын айтқан болатын.Сол жиында фильмнің қазақстандық эфирге «Паскалистан» деген атпен шығатындығы белгілі болып еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: voxpopuli.kz

Рубрика: