Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлемнің көптеген жоғары оқу орнында қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен тілі оқытылады. Ендігі жерде Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен шетел университетіндегі аталмыш кафедралардың жұмысы мен тыныс-тіршілігін тұрақты түрде таныстырып отырмақпыз.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру, шетелдегі жоғары оқу орындарымен байланыс орнату. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдіргісі келетін жастарға бағыт-бағдар беру.
Венециядағы «Ка Фоскари» универ­ситеті – Италиядағы көне оқу орында­ры­ның бірі. Университет 1868 жылы ашыл­ған және әдепкіде экономика ғы­лымы мен кейбір батыс және шығыс тілдерін тереңдетіп оқытатын Италия­дағы бірінші бизнес-мектеп ретінде құрылған. Уақыт өткен сайын жоғары санатты мамандарға деген қажеттілік артты, соған орай оқыта­тын тілдердің де саны ұлғайды. Экономи­калық бағыт­тар саласы көбейді. ХХ ға­сыр­дың басы Ка Фоскари қызметін қайта түлеткен уақыт болып саналады. 1928 жылы мек­теп Италия Ұлттық Білім беру минис­тр­лігінің басқаруына ауыстыры­лады. 1934 жылы мектеп директоры ректор деп ата­ну құқығына ие болды. Ал 1935 жылы мектеп экономика және бизнес факультетін ашып, толыққанды универ­ситетке айналған.
Қазіргі таңда Ка Фоскари – ең жо­ғары оқыту сапасына кепіл беретін үдемелі ғылыми жобалар мен иннова­ция­лық зерттеу бағдарламалары жүзеге асырылатын заманауи университет. Оқу орны барлық деңгейдегі, итальян тілін­дегі, сонымен қатар ағылшын тіліндегі курстарды ұсынады: 15 бакалавриат, 30 магистратура, 32 шеберлік курсы өтеді. Бұдан бөлек аспирантурасы тағы бар. Курстар оқу несиелері есебіне оқылатын жаңа Summer school-ды, сондай-ақ итальян­дық және шетелдік оқытушы­лардың лекцияларына қызығушылық та­нытушы итальяндық, шетелдік сту­дент­тер мен кәсіпқойларға арналған факуль­тативті қосу қажет.
Соңғы уақытта Венециядағы Ка Фоскари университеті экономикалық және гуманитарлық ғылымдарды оқы­та­тын Италиядағы ең үздік университет­тердің бірі деп мойындалып отыр. Уни­верситет оқытудың жоғары сапасын және талапкерлердің оқуға түсу процесі­нің мобилділігін ұсына отырып, шетел­дік студенттер арасында кең танымал­ды­лық­қа ие. Халықаралық деңгейде Ка Фоскари университеті көпжылдық мінсіз атағы бар жоғары санатты мекеме болып сана­лады. Қазіргі таңда универ­ситетте ең алдымен төрт негізгі бағытты – экономи­ка, шетел тілдері және әдебиеті, жара­тылыстану, гуманитарлық ғылымдарды қамтып, шамамен 20 мың студент білім алып жатыр. Бұл ретте мә­дени салалар­да­ғ­ы әртүрлі бағыттар бел­сене дамып ке­леді.
Университетте 30-дан астам шетел тіл­дері оқытылады, Италия үшін сирек кездесетін тілдерді, мысалы, армян және әзірбайжан тілдерін үйрететін курс­тар ұсынылады.
Осыған байланысты 2015 жылдан бастап Университеттің Азия және Сол­түстік Африка бойынша Зерттеу депар­та­ментінің жанынан қазақ тілін, тари­хын, Қазақстанның мәдениеті мен дәс­түрлерін үйрететін курстарды ұйым­дастыруды көздеп отыр. Бұл ұсыныс 2013 жылдың наурыз айында СІМ арқылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жібе­рілді. 2013 жылдың мамыр айында атал­мыш министрлік тарапынан «Ка Фос­кари» университетін ведомствоара­лық уағдаластық сатысында тұрған мәдениет және ғылым саласындағы ынтымақ­тастық туралы үкіметаралық бағдарлама жобасына енгізуді мақсатқа сәйкес деп есептейді «деген жауап келді.
Бұдан басқа, аталған оқу орны Қа­зақстанмен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа әзірліктерін білдіре­ді:
– қазақстандық студенттер үшін «Болашақ» бағдарламасына қатысу;
– Университтегі көрмелер мен мәдени іс-шаралар арқылы қазақ мәде­ниеті мен көркемөнер мұрасын алға бастыру;
– қазақстандық университеттермен ынтымақтастық туралы келісім арқылы студенттер, оқытушылар алмасу бойын­ша бағдарламалар;
– Қазақстанның тарихы, экономи­касы және саясаты жөніндегі зерттеу жобаларын жүргізу;
– археологиялық қазбалар жобалары бойынша (студенттердің, ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен) қазақ­стандық университеттермен ынтымақ­тастық, археология саласындағы бірлес­кен жобалар;
– Қазақстанның тарихы бойынша бірлескен жобалар және. т.б.
Сонымен қатар қазірдің өзінде Ка Фос­кари университетінің Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Тараз Мемлекеттік Университеті сияқты қазақстандық ЖОО-лармен ынтымақтастық тәжірибесі бар екендігін де атап өткен жөн.

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: