Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Италия Ресеймен бірлесіп шағын S-1000 суасты кемелерін жасау жобасынан бас тартты деп хабарлады Ресей әскери-өндірістік комиссиясы төрағасы Олег Бочкарев Мәскеу түбінде ашылған қорғаныс министрлігінің көрмесінде. Оның сөзінше, «әзірге саясат бизнестен басым тұр».

Бочкаревтің айтуына қарағанда, Ресей француздық «Мистраль» тікұшақ тасығыш әскери кемесіне қатысты жағдай қай бағытқа өзгерсе де дайын. «Біз не «Мистральді» аламыз, не Франция ақшамызды айыппұлмен қоса қайтарады» деді ол. Франция алғашқы «Мистраль» тікұшақ тасығыш кемесін биыл қазан айында Ресейге жеткізуі тиіс болған.

1 тамызда Еуропа Одағының (ЕО) Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейдің банк, энергетика және қорғаныс салаларына енгізген санкциялары күшіне кірген. ЕО Ресей қару-жарағы мен әскери техникаларын, әскери және бейбіт мақсатта пайдаланылатын тауарларды импорттауға және экспорттауға эмбарго қойған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140804/330/330.html?id=25480252

Рубрика: