АЛТЫНОРДА
Новости

Италия Қазақстан арқылы әскери мүлкі мен қызметкерлерін тасымалдайды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Италия Қорғаныс министрі Джампаола Ди Паола маңызды құжатқа қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

 

Қол қойылған құжат бойынша 2014 жылға дейін Италияның Ауғанстандағы әскери мүлкі мен қызметкерлері біздің ел арқылы еліне қайтарылады. Кездесу барысында тараптар әсери ынтымақтастықты дамыту жайын сөз етті. Қаралған мәселелердің ішінде әсери техниканың жаңа үлгілері мен бақылау және байланыс жүйелерін сатып алуға ерекше маңыз берілді.

Әмірхан Алмағанбетов.

http://www.egemen.kz/2013/02/19/360130/