Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлемнің жүзден аса мұсылман ғалымы «Ислам мемлекеті» радикалдық ұйымының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадиге ашық хат жазып, ұйымның исламның қасиетті кітабы – Құрани-кәрімнің үзінділерін қолдануын заңсыз деп атады.

24 қыркүйекте жазылған хатта ғалымдар «Ислам мемлекеті» ұйымының адамды азаптау, құлдыққа салу, өз сенімдеріне күштеп кіргізу, әйелдер мен балалардың құқықтарын мойындамау, бейбіт адамдарды өлтіру сияқты исламда тыйым салынған іс-әрекеттерін айыптайды.

Хатта Бағдадидің Сирияның шығысы мен Ирактың батысындағы территорияда «ислам халифатын орнаттым» деуінің «заңсыз әрі мәні жоғы» атап көрсетілген. Ғалымдар ұйымның «жиһад» жариялағанын «рұқсат етілмеген» деп айыптаған.

Мұсылман ғалымдарының хаты АҚШ президенті Барак Обаманың 24 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеуімен тұспа-тұс жарияланды. Обама БҰҰ-дағы сөзінде «Ислам мемлекеті» мен басқа да экстремистік ұйымдарды исламды бұрмалап отыр деп айыптаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140925/330/330.html?id=26605679

Рубрика: