Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еліміздің қоғам қайраткерлері «Ресейдің кейбір телеарналарына шектеу қойылу керек» деп санайды. 

Мәселе 23 ақпан күні «Россия 24» телеарнасынан сөйлеген ресейлік ЛДПР партиясының серкесі, мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владимир Жириновскийдің Қазақстан және Орта Азияны Ресей Федерациясының құрамына қосу керек деген сөзінен кейін туындап отыр. Ол Украинадағы жағдайды сөз ете келе, Ресей шекарасын оңтүстікке қарай созу керек. Ортаазиялық федеральдық округ құрып, оның орталығы Верный (Алматының ескі аты) болуы тиіс деп көкіген.

Бұдан сәл бұрын ресейлік оппо­зи­ционер, саясаттанушы Эдуард Лимонов «Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу керек» деген пікір білдірген болатын. Қоғам қайраткерлері «бұл жақ­сылықтың нышаны емес, «екі елі ауызға, төрт елі қақпақ керек», яғни ойына кел­генін айтатын азаматтарға сөз беріп жүр­ген кейбір ресейлік телеарна хабарларын шектеу керек деседі. Осыдан бірнеше күн бұрын Януковичті тақтан ысырып, Ук­раина билігін қолға алғандар да: «Ел терри­ториясында Ресейдің кейбір телеар­на­ла­рының жұмысын тоқтату керек. Олар Украинадағы жағдайда өрескел бұзып, шерушілерді бас бұзарлар етіп көрсетті» деп мәлімдеме жасаған. Ендігі кезек бізге келген сияқты. Бұл туралы қоғам қайрат­керлері не дейді?
Марат ТОҚАШБАЕВ, «Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Мәдениет қайраткері, профессор:
– Бізге етек-жеңімізді жинайтын кез келді. Әйтпесе, ойына келгенін айтатын­дар­дың алаңына айналып кетеміз. Өзі­міздің ақпараттық кеңістікті қорғау керек. Өйтпесек белгілі бір деңгейде тәуел­сіздігімізге қатер төнері анық. Сон­дықтан Ресейлік бір-екі ресми телеар­наларды қалдырып, өзгесінің жұмысын шектеген жөн.
Жириновский осындай сандырақ сөз­ді бірнеше рет айтты. Өткенде Лимонов деген біреу осы тәрізді шатпағын жария еткен болатын. Ұмытпасам, осыдан 16-17 жыл бұрын ойы бұзық бір топ адам Шы­ғыс Қазақстан облысын Ресейге қосамыз деп әрекет еткен. Бұлардың бәріне билік болып, ел болып тойтарыс беру керек. Тіпті бұларға нон-грант жариялау қажет деп білемін. Демек, баса бір назар ау­да­ратын нәрсе ол еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғау болып табылады. Расында, Жириновскийдің айтқа­нындай біз Ресейдің бір округіне айналып бара жатқан сияқтымыз. Тағы да сол елі­міздің ақпарат кеңістігінің 60-70 пайызы – Ресейдікі. Қазір Астанада не болып жатқанын емес, Мәскеуде не болып жатқанын бірден білетін кезге жеттік. Бұл – үлкен қауіп. Сондықтан осы жағын мықтап қолға алатын кез келді.
Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы:
– Бұл мәселе тек бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Сонау тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Өйткені өз ақпараттық кеңістігімізді қорғамасақ, өзге елдің күл-қоқысына көміліп отыра береміз. Ар-намысымызға тиетін жағдай­лар жиі кездесе береді. Біз әзірбайжан­дардан үлгі алғанымыз жөн. Олар шектеу қойды. Ресей ештеңе дей алған жоқ. Өйт­кені өзге елдің ішкі шаруасына ара­ласуға болмайды. Сол Ресей телеарналары Укра­инадағы жағдайды «бандера, содырлардың төңкерісі» ретінде көрсетті. Мәселе олай ма, бұл халықтың билікке деген наразы­лығы емес пе? Ақпарат құралдарының кө­­ме­гімен ел арасына іріткі салу оңай. Демек бізге де сөзден іске көшетін кез жетті.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/43355

Рубрика: