Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

992159b8f2b093ad30f9cac1e75f4a76Құран ілімін және құснихат өнерін көпшілікке кеңінен таныстыру мақсатында 26 шілдеде сағат 15.00-де «Қасиетті Құран аптасы» атты көрмені ашады. 

Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музей  және еліміздегі Иран Ислам Республикасы елшілігінің Мәдени өкілдігі  Қасиетті Ораза айына байланысты, сондай-ақ, Құран ілімін және құснихат өнерін көпшілікке кеңінен таныстыру мақсатында 26 шілдеде сағат 15.00-де «Қасиетті Құран аптасы» атты көрмені ашады.
Көрмеге ислам мәдениеті мен өнерін бейнелейтін иран шеберлерінің туындылары қойылады. Ислам өнерінің ішінде құснихат (каллиграфия) кеңінен танымал. Иранда Каллиграфия өнерін ислам дәуірі кезінде мұсылмандық діни-ғұрыптық ғимараттар мен құрылыстарда, яғни Құран аяттары мен «Аллах», «Мұхамед» және «Әли» деген киелі сөздерді жазбаша-көркем бейнелеу жолында пайдаланды. Ирандағы құснихат «куфалық» стильден бастау алады. Бұл «куфа» жазуы Иранның Куфа қаласының  атауымен аталған, ол жылнамашылар мен құснихатшылардың әміршісі саналатын хазірет Әли ибн Әбутәліптің (оған Алладан мадақ!) есімімен тығыз байланысты. Араб жазуының ішінде «Куфи» жазуы басқа жазуларға қарағанда өте көп қолданылады. Каллиграфия адамның ішкі әлемін, рухани болмыс-бітімін, жазба өнерінің тазалығы мен ұлылығын көрсетіп тұрады.
Көрмеде ирандық суретші — каллиграфтардың мұсылман ою-өрнектерімен бейнеленген Қасиетті Құрандары және т.б. өнер туындылары көпшілікке таныстырылады. Көрме екі бөлімнен тұрады: біріншісінде, Құран аяттары бейнеленген картиналар қойылған, ол «куфи» жазуымен жазылған. Екіншісінде, қазіргі Иран шеберлерінің ислам мен Құран тақырыбына арналған каллиграфия («насталиқ») жазуымен жазылған  туындылары қойылды. Экспонаттар қатарында каллиграф, суретші Туси мырзаның (Тегеран) шығармалары да бар. Мұнан өзге көрмеде «насталик» жазуымен жазылған жеке сирек қолжазбалар мен Қасиетті Құран басылымдары қойылған. Көрмеге келушілерге құснихат өнерін, иран шеберлерінің миниатюраларын, кескіндемелік туындыларын таныстырады.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/26906

Рубрика: