Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Иранның Саяси мәселелер жөніндегі кеңесінің хатшысы Мохсен Резайи Тегеранның палестиналық ХАМАС ұйымына зымыран технологияларын бергенін хабарлады. Оның айтуынша, Иран палестиналықтарға «блокада жағдайында қару-жарақ шығарып, өздерін қорғауы үшін қорғаныс және әскери технологияларды беруге міндетті».

Бұрын Иранның революциялық гвардиясының қолбасшысы болған Мохсен Резайи ел президенті Хасан Роуханиге палестиналықтарға Израильдің шабуылдарынан қорғану үшін әуе шабуылынан қорғаныс технологиясын беруді сұрап хат жазған.

Резайи бұған қоса Израиль армиясының Газа секторын бомбалағанына қарамастан, қару-жарақ жасайтын кәсіпорын зардап шекпегенін айтады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140805/330/330.html?id=26514702

Рубрика: