Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Иран президенті Хасан Рухани әйелдердің елде өткізілетін спорттық жарыстарға барып көру мүмкіндігін қайтадан зерттеп көруді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі сейсенбі күні.

Ирандық БАҚ-тар хабарлағандай, аталған шешім Иранның әйелдер ісі мен отбасы мәселелері жөніндегі вице-президенті Шахиндухт Мовлаверди кеше өткен үкімет сағатында елдегі спорттық шараларға әйелдерге баруға тыйым салынғанымен келіспейтіндігі туралы пікір айтқан соң қабылданды.

Ш. Мовлавердиөзінің Facebookжеке парақшасында ол өзін реформатормын деп санайтын Х. Рухани президенттігі кезінде осындай тыйым салынғанына «өте алаңдаулы» екенін атап көрсетіпті.

Иран вице-президенті үкіметті аталған шектеуді қайта қарауға және «Иран әйелдері мен қыздарына жарқын болашаққа деген үміт беруге» шақырды — ҚазТАГ

.Казыкенова Айнур

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: