Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ирак картасы. (Көрнекі сурет)Ирактың солтүстігінде содырлар әскери базаға шабуыл жасап, ирактық 20 әскериді өлтірді. 

Ирак билігінің хабарлауынша, қарулы содырлар 10 мамыр күні Мосул қаласының оңтүстігіндегі Айн әл-Жахаш әскери базасындағы әскерилердің көпшілігін көлікке тиеп ұстап әкеткен.

Содырлар ұстап әкеткен сарбаздардың өлі денелері кейін база маңынан табылған, кейбір сарбаздар әскери базада қаза тапқан.

Әскерилер сол маңдағы мұнай құбыры мен маңызды көлік жолын күзетуге қойылған еді.

Бұдан бір ай бұрын да содырлар Мосул қаласының батысындағы әскери базаға шабуылдап, 12 әскериді өлтіріп, 15-ін жаралап кеткен еді.

http://www.azattyq.org/content/news/25380641.html

Рубрика: