Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ирак тарихында тұңғыш рет әйел адам қала басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін Ирак жоғары білім министрлігінде бас директор болған Зикра Алуиш енді ел астанасы Бағдад қаласының мэрі қызметіне тағайындалған.

Мамандығы бойынша инженер Зикра Алуиш жаңа жұмысына бүгін, ақпанның 22-сі күні кіріседі деп хабарланды. Бұған дейін Бағдад мэрі болып істеген Наим Аббудты Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади қызметінен алып тастаған.

Әйелдерге қысым мен шектеу жиі жасалатын елде қала билігін басқаруға әйел адамның тағайындалуы тың құбылыс болып отыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150222/330/330.html?id=26862367

Рубрика: