Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жүзуден қазақстандық Дмитрий Баландин Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Ол бүгін, 24 қыркүйекте 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия рекордын жаңартып (59.92 секунд), Азиада чемпионы атанды.

Баландин 23-қыркүйекте 200 метрге брасс әдісімен жүзуде де Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленген.

Бүгін бұған қоса у-шудан Қазақстан құрамасының мүшесі Ришат Лувеншо финалда ирандық Мохсен Мохаммедсеифиден ұтылып, күміс медальді болды.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан ұтылып, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Қазір Қазақстан құрамасында 5 алтын, 6 күміс, 13 қола медаль бар.
Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140924/330/330.html?id=26603901

Рубрика: