Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Страсбургте Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының сессиясында баяндама жасар кезде наразылық акциясы болды.

Еуропада тұратын әзербайжандық белсенділер 24 маусым күні өткен ассамблея отырысына Әзербайжандағы саяси тұтқындардың суреті бар жейделер киіп, ауыздарын қара таспамен таңып алып барды. Белсенділер Әлиевтің «Әзербайжанда адамның барлық фундаменталды құндылықтары сақталады» деген мәлімдемесіне наразылық білдірді. «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) ұйымының бірқатар белсенділері парламенттік ассамблеяның штаб-пәтерінде де осындай акция өткізді.

Әлиев парламент сессиясында Әзербайжандағы реформалар «өз елінің азаматтарына кез-келген саяси қызметке араласуына мүмкіндік береді» деп, Еуропа Одағының шенеуніктерін «қос стандарт саясатынан аулақ болуға» шақырды.

23 маусым күні Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуропа кеңесі мен парламенттік ассамблеясынан Әлиевтің билікті сынаушылар мен журналистерді қуғындауды доғаруына ықпал етуді сұраған еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140625/330/330.html?id=25434095

Рубрика: