Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Соғыс фоторепортаж жанры өткен ғасырдың 30 жылдары белсенді түрде дами түсті. Соғыс тілшілерінің Испания, Қытай елдеріндегі ұрыс майдандарында түсірген бірегей фотосуреттері газет, журнал беттеріне жариялана бастады. Турасына келгенде әскери репортажбен «фотожурналистика» түсінігінің пайда болуын байланыстыруға болады. Екінші ДҮниежүзілік соғыс кезінде фототілшілер алдыңғы шепке шығып, жаудың оқ жаудырғанына қарамастан, өз жұмыстарын жасаған. Соның нәтижесінде көптеген фото документалистер журналистік қызметін атқару кезінде көз жұмды.

Сол кездің керемет соғыс суреттері түрлі-түрлі әдіспен жасалынды – біреулер көрермендердің эмоциясын пайдаланса, енді біреулер сахналауды (инсценировка) қолданған, кейбіреулер тіпті үгітшілік мақсатында жұмыс істеді. Қалай болғанда да фото тілшілердің майдан даласында түсірген суреттері ұмытылмас әрі терең ойлы.

Соғыс фоторепортажының негізін қалаушылардың бірі, фотосурет тарихындағы ең танымал соғыс фототілшісі саналатын адам — сөзсізРоберт Капа. Оның шын аты Андре Ерно Фридман. Капа өзінің фото мансабын 1931 жылы Берлин қаласында бастаған. Ұлтшылдардың билік басына келуінен соң, Парижге қоныс аударады. Сол жерде ол өзінің фотожурналистика агенттігін ашады. Франциядағы, жалпы Еуропа елдерінде ең елеулі оқиғаларды түсіру арқылы тәжірибе жинап, танымалдылыққа ие болады.

Ол соғыс майданын (азамат соғысы) суретке түсіру үшін алдымен Испанияға аттанды. Дәл сол жерде ол «Республиканшының өлімі» немесе «Құрбан болған жауынгер» деген атпен де белгілі ең танымал соғыс суреттерінің бірін түсірді. 1935 жылы түсірілген осы бір фото бүкіл әлемді шарлаған болатын.

Осы уақыттан бастап Капа мүлдем «бейбіт» фотолар жасамады. Испаниядан соң жапон басқыншыларының қарсылығын түсіріп алу үшін Қытайға жол тартты. Бұдан соң Екінші Дүниежүзілік соғыс тың кезегі келді. Капа Солтүстік Африка, Италия, Франция және Германия елдеріндегі маңызды оқиғалардың бәріне қатысты. Соғыс фоторепортажының классикасы деп Капаның Нормандиядағы драмалық суреттерін айтуға болады.

Андре Фридман: Нормандияда жауынгерлердің түсірілуі

Совет соғыс фоторепортажының шеберлері қатарына Евгений Халдейдіқоспауға болмайды. Оның фотосуреттерін бәрі таниды. Халдейдің суреттері Ұлы Отан соғысы жайлы баяндайтын кинохроника кадрлары тәрізді. Евгений Халдейдің фотосуреттерге деген қызығушылығы 12 жасында біліне бастады. Және өзінің алғашқы фотокамерасын өз қолымен жасап шыққан екен.

1936 жылы Халдей Мәскеуді бағындыруға келеді және ТАСС фотохроникасына жұмысқа орналасады. Мансабы совет құрылыс орындарына іссапармен барудан басталады. Бірақ, бұл уақытта бейбітшілік өмір өз соңына таяп келе жатты және Германияның шабуылынан соң Халдей майданға аттандырылған соғыс тілшілерінің құрамына кірді. «Leica»деп аталатын камерасымен ол соғысты бастан аяғына дейін өтті.

Евгений Халдейдің фотоархивінен көптеген бірегей кадрларды кездестіруге болады. Соның ішінде «Соғыстың алғашқы күні» деп аталатын фотосы кеңінен танымал. Бұл 1941 жылы 22 маусым күні Мәскеуде түсірілген жалғыз сурет. Бірақ, Халдейдің басқа соғыс тілшілерінен ерекшелігі қызықты кадрларды алу үшін жағдайды өз пайдасына қолдана білу ғана емес, сонымен қатар, қажет болған жағдайда оқиға орнында шағын сахналау жасай білу қабілетінің болуы.

Евгений Халдей: Соғыстың алғашқы күні

Евгений Халдей сонымен бірге қойылымдық фотосуреттердің шебері, оның көрінісін Ұлы Отан соғысының ең атақты фотосы – «Рейхстагтағы жеңіс туынан» байқауға болады. Бұл сурет жеңістің символына айналды бірақ, оны жасау үшін Халдей ТАСС фотохроникасының шаруашылық меңгерушісінен үш қызыл дастарқан (орақ пен балғаны салу үшін) сұрап алуға мәжбүр болған. Және сол дастарқандарды Берлинде «Рейхстагтағы жеңіс туына» реквизит етіп қолданған еді.

Евгений Халдей: Жеңіс туы

Аты аңызға айналған тағы бір соғыс фототілшісі – Макс Владимирович Альперт совет фото репортажының негізін қалаушылардың бірі. Азамат соғысы аяқталғаннан соң ол «Рабочая газетаға» фототілші болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, соғысқа дейін «СССР на стройке» журналына индустриалды құрылысты түсіріп жүрді.

Соғыс басталғаннан соң Альперт ТАСС пен «Совинформбюр-дің» соғыс тілшісі ретінде қызмет атқарды

Шебердің ең атақты фотосуретіне «Қомбатты» жатқызуға болады. Аталған фотода сарбаздарды шабуылдауға тұрғызып жатқан совет жауынгерін көруге болады. Бұл совет документалды фотосуреттері тарихында мәңгілікке қалған командир-жауынгердің қаһармандық образы.

Макс Альперт: «Комбат»

Екінші Дүниежүзілік соғыстың американдық тілшілері арасынан Иво Дзому үшін шайқасы кезінде Сурибати тауында туды көтеріп жатқан американдық жауынгерлер бейнеленген фотосурет үшін Пулитцер премиясын алған Джо Розентальді ерекше атап өтуге болады. Розенталь көзінің нашар көруіне байланысты әскерге алынбаған, бірақ соғыс фото тілшісі ретінде американдық сарбаздарға еріп жүрді.

Джо Розенталь: «Иво Дзимо үстіне ту көтеру»

Атақты фотоны жасауға Розентальдің Сурибачи тауының шыңына келген кезінде лейтенант Шрейердің бірінші туды алуға дайындалып жатқан сәті маңызды рөл атқарған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: fotokomok.ru

 

http://massaget.kz/9-mamir/10489

Рубрика: