АЛТЫНОРДА
Новости

ICG: Орталық Азия елдері радикализммен күресіп отырған жоқ

Халықаралық дағдарыстық топ (International Crisis Group — ICG) ұйымының мәліметінше, Орталық Азия елдері радикалды «Ислам мемлекеті» тобы тарапынан төнетін қауіппен және аймақтағы «күшейіп келе жатқан радикализммен» күрестің тиімді іс-жоспарын жасауы тиіс.

ICG қаңтардың 20-сында жарияланған «Сирия дауысы: Орталық Азиядағы радикалдану» атты есебінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан «Ислам мемлекеті» тобының бақылауындағы аймақтарға екі мың мен төрт мың аралығында адам аттанғаны айтылған.

Есепте Орталық Азияның коррупция жайлаған мемлекеттері радикалдық исламға қарсы іс жүзінде ешқандай әрекет жасап отырмағанын айтқан сарапшылар сөзі берілген. Сарапшылар бұл аймақтағы елдердің билігі керісінше, азаматтардың еркіндігін шектеп, өзгеше ойлайтындарды қуғынға салып радикалдану процесін жеделдетіп жатыр деген пікірде.

Халықаралық дағдарыстық топ Орталық Азия елдері үкіметтерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жақсартып, діни еркіндікке қатысты заңнамаларды либералдандыруға және жастардың экономикалық жағдайын жақсартуға шақырған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150121/330/330.html?id=26804951