Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Арменияның Гюмри қаласындағы алты адам мерт болған оқиға кезінде ауыр жарақат алған алты айлық бала Сережа Аветисян Еревандағы ауруханада қайтыс болды деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрлігі.

12 қаңтар күні таңертең Арменияның Гюрми қаласында алты адам өлтірілгені анықталған. Мерт болған алты адам — ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы. Алты айлық ұл бала — Сережа Аветисян жарақатпен ауруханаға түскен.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде танылған ресейлік солдат Валерий Пермяков 13 қаңтарда Түркиямен шекарада ұсталған.​ Қазір тұтқындағы Пермяковке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ресей президенті Владимир Путин Армения президенті Серж Саргсянмен телефон байланысы кезінде «Гюмриде бір отбасының алты адамын өлтірген адам тиісті жазасын алады» деп мәлімдеді.

Гюмридегі оқиғаға байланысты Арменияның астанасы Ереванда және бірнеше қаласында ереуіл өтіп, жұрт Ресей туын өртемек болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150119/330/330.html?id=26801999

Рубрика: