Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бұл мұражай 2010 жылдың 1 маусымында құрылған. Мұнда XVIII-XIX ғ.ғ. мен XX ғ. 40-жылдар аралығын қамтитын 500-ден астам сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың мол қоры жинақталған.

1-экспозиция «Қазақстан көне дереккөздерде»

Еліміздің ең алғашқы табылған жазба тас ескерткіштері. Бұл жердегі таңбалар белгілі бір ақпараттарды көрсетеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен табылған түрлі жазба ескерткіштер қойылған. Мысалы, Қола дәуірінің белгісі Шығыс Қазақстанда табылған «Ақбауыр» ескерткіштері, «Манат» жазу-сызу өрнектері, Павлодар маңындағы Жасыбай-Өлеңті, Оңтүстік Қазақстаннан табылған қаңлы жазуы, т.б.

«Ағаш таяқша», «Ашық тас жазуы», VIII — X ғ.

IV-ші Талас жазба ескерткіші тасы

2-экспозиция «Қолжазба – ғасырлар мұрасы»

Бұл зал жазу мәдениетімізге ортағасырдағы «Ислам» мәдениетінің ықпалын көрсетеді. Мұндағы негізгі еңбектер: Рабғузи «Қисса-сул әнбия», Фирдоуси «Шахнаме», Омар Хаямның рубаяттары, т.б. қойылған. Бұл экспозицияның дәл ортасындағы суретте Қазақ хандығының тарихын жазушы Мұхаммед Хайдар Дулатидің бөлесі атақты Бабыр салынған. Белгілі дәрежеде оның тұсында өнер-білім дамыған, соған шарапатын тигізген.

Тарих Сайқали. Қолжазба. 1882 ж.

Мұхаммед Ғиззат. Жаңа алгебра ғылымы. Оқу құралы. Ыстанбұл. 1910 ж.

Қожа Асмет Ясауи «Диуани хикметі». Қолжазба. 1902 ж.

Мына жоғарыдағы түнгі аспан жұлдыздарының орналасуы атақты Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің обсерваториясының негізінде жасалынған

3-экспозиция «Отандық көне басылымдар»

751 жылы Тараз қаласының түбінде үлкен соғыс болды. Еліміздің Оңтүстік-шығысында Қытай, Оңтүстікте арабтар қақтығысып, олардың арасында ғазауат соғысы болды. Бұл соғыстың нәтижесінде түркілерге тигізген Ислам мәдениетінің әсері көрінді, арабтар жағына шығуымен олар тәуелсіздікті де сақтап қалды. Осыдан бастап дінімізде, жазба мәдениетте, көптеген сөздерімізге араб мәдениеті үлкен ықпалын көрсетті.

30-шы жылдарда хатқа түсірілген Абай атамыздың қызы Уәсиланың әкесі жайында жазған естелігі.

«Бозжігіт» қиссасы. Қазан. 1881 ж.

«Ер Тарғын» жыры. Қазан. 1909 ж.

4-экспозиция «Қазақстанның жазба және баспа ескерткіштері»

Бұл экспозицияда «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде жарық көрген кітаптар: халық ауыз әдебиеті, Бауыржан Момышұлының 30 томдығы, қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі, Әл-Фарабидің 10 томдығы, музыкалық трактаттар сынды дүниелер қойылған.

Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған сөздері, еңбектері.

Алматы қаласы жөнінде әдебиеттер, тарихы, археологиясы жайлы еңбектер.

Астана жайлы еңбектер.

_______________________________________________________________________

Адресі: «Ғылым ордасы», Шевченко көшесі, 28
тел: 8 (727) 272 87 88

Жалпы мұражайларға кіру құны:
Балалар мен ҰОС ардагерлеріне тегін
Оқушылар — 50тг
Студенттер —70тг
Үлкендер — 100тг

Мұражайдың сайты http://gylymordasy.kz/

Фото: Айнұр Ракишева

Мәтін: Айжан Кәрібаева

http://yvision.kz/post/317331

Рубрика: