Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Көктем — өмірдің бастауы. Көктем — гүлдердің патшасы. Көк көйлегі желбіреп енді ғана тағына отырғалы жатқан көңілді жыл мезгілі талайларға шаттық, бақыт, қуаныш сыйлап жатыр. Лайым солай болғай!

Көктем десе, көз алдымызға күлімдеген күн мен жайнаған гүлдеркелетіні анық. Біздің елімізде гүлдердің дәурені бастала қоймағанымен, Жапония жерінде олар кілем болып төселіп жатыр.

Жапония жеріндегі Чичибу қалашығына қарасты Сайтама префектурасында орналасқан мына бір Hitsujiyama атты саябақтың көрінісіне көз жүгіртіп көріңізші.

Ғажап емес пе?! Нағыз көктем! Нағыз махаббат!

Флокс гүлдерінің адамзатқа тартқан сыйын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Қыр төсі төрт жүз мыңнан астам сегіз түсті гүлден көйлек киіп жатыр.

Флокстар гүлдеп бастасымен, бұл жерде түрлі іс-шаралар, мерекелер, фестивальдар өткізіледі.

Суреттер:re-actor.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/

Рубрика: