АЛТЫНОРДА
Новости

ГРУЗИНДЕР ДЕ КИНО КӨРЕДІ

Тбилиси қаласында 17-20 маусым аралығында Қазақстан мен Грузия арасындағы екі жақты қарым-қатынас тарихында алғаш рет Грузиядағы Қазақстан киносы күндері өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Шара аясында Грузиядағы ҚР елшісі Е. Ертісбаев Грузия Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Г. Одишариямен кездесті.

Жүздесу барысында Г.Одишария Қазақстан киносы күндерінің екі елдің мәдени-гуманитарлық саласында маңызды орын алатындығына айта келе, қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарында кинемотографиядағы қол жеткізген табыстарына тоқталды.

Грузиндік көрермендерге соңғы жылдары түсірілген төрт көркем фильм ұсынылды.

Ашылу салтанатында Е. Ертісбаев Грузияда Қазақстан киносы күндерін өткізу екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтағы маңызды оқиға екендігін атап өтті. Сондай-ақ бұл шараның ұлы қазақстандық режиссер және актер Ш. Аймановтың 100 жылдығына орайластырылғанын жеткізді — ҚазАқпарат.

Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/52164