Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

qamshy.kzЖазушы, көркем аударманың хас шебері, заты да, аты да қазаққа айналған азамат Герольд Бельгерді көпшілік қазақ тілінің жанашыры ретінде жақсы біледі. Сондықтан да біз оны іш тартып, Гер-аға атап кеткенбіз. Тау-тұлғаның көптен бері жүрегі сыр беріп келген еді.

Герольд Карлұлын қалың жұрты бүгін яғни 10 ақпанда Алматыдағы Әуезов театрында ақтық сапарға шығарып салды.

«Қазақтың тілі, жалпы, құдіретті тіл ғой. Керемет бай тіл. Соның байлығын астын сыза жүріп, барлығына түсіндіргім келеді. Орыстарға, немістерге түсіндіргім келеді», — дейтін Гер-аға.

Герольд Бельгер осыдан бірер жыл бұрын КТК арнасындағы «Жүрекжарды» бағдарламасына осылай деп сұхбат берген еді.

Айтылған әңгімесінің басым бөлігін қазақ тілінің жай-күйі төңірігенде өрбіткен. Өйткені, Гер-аға Гетемен ұлттас, Пушкинмен жерлес болғанымен, өзін тек Абайдың шәкірті санаған жан.

Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Тек 7-ге толғанда, Сталиннің жер аудару саясатымен Қазақстанға отбасымен жетіпті. Сөйтіп, қазақ ортасына түскен бала кейін нағыз қазақ атанды.

«1941 жылы соғыс басталған кезде Еділ бойындағы немістерді жаппай Қазақстанға көшірген. Соның арасында мен де келдім. Келген жеріміз қазақтың ауылы. Ленин атындағы. Ішінде бір орыс, бір неміс отбасы бар. Еділ бойынан Есіл бойына келдік. Еститінім қазақтің тілі, оқиғаным қазақ мектебі, ойнайтыным қазақтың балалары», — деген еді Гер-аға.

Әрине, ары қарай да білімін қазақша жалғастырған. Ал еңбек жолын Жамбыл облысында ұстаздықпен бастаған екен. Тек кейін қаламгерлігі жетелеп, Алматыға келген. Міне, дәл осы кезде Гете, Пушкин және Абайды бір-біріне жақындатып, тәжімалау ісімен айналысты. Сөйтіп, «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тасөткел», «Зоб», «Бауырластықтың белгісі» сынды төл туындыларын қосқанда 75 томдық еңбекті жазып шыққан.

«Ол кісінің өмірі, дәріптеп өткен тіл мәселесі Қазақстан тарихында өнеге болатын үлгі деп айтар едік. Яғни, қазақ тілін жақсы меңгерген Герольд қазақты дос санап өтті», — дейді жазушы Смағұл Елубай.

«Бельгер не үшін қымбат бізге? Өйткені ол қазақтың қамын қазақтан да артық ойлағаны үшін қымбат. Тек қана қазақты жақсы көремін деп жалған жалаулатып сөз сөйлеген адам емес», — дейді Дулат Исабеков, жазушы.

Биыл күзде 81-ге толатын тұлғаның соңғы уақытта жүрегі сыр беріп келген. Ол соған қарамастан жазуын тоқтатқан жоқ. Ақыр аяғында, биыл 21 қаңтарда жүрегі ұстап, аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Гер-аға сол жатқаннан тұрмады. Көпшілік біле бермейтін шығар, Герольд Бельгер қалың ойға батып, толғанған шағында Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанына келіп отыратын әдеті болған. Енді бұл жер де жетімсіреп қалғандай.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/gerold-belger-songyi-suhbatyinda-nagyiz-kazakka-kalay-aynalganyin-ayttyi-video-63024/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: