Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

A third of university graduates are in jobs that do not need a degreeАстана. 23 желтоқсан. Baq.kz – Қазақ тілі тек қазақстандықтарға ғана керек деген адам қателеседі. Бұған мысал – неміс халқының қазақ тіліне деген ерекше құрметімен Абайдың шығармаларына деген қызығушылығы, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан үш жыл бұрын қазақ елшілігі және неміс академиялық тәжірибе алмасу қызметінің қолдауымен ел астанасы Берлинде қазақ тілінің курсы ашылған. Әлемге танымал Гегель, Гейне, Фейербах пен Энштейндер тәлім алған көне оқу орнының бүгінгі студенттері қазақ тілін жақсы меңгерген. Олар қазақ тілінде ән шырқап, әңгімелесе алады. Тіл үйрену туралы ой Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезде туындаған еді. Күн санап қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның саяси экономикалық әлеуетін аңғарған германиялықтар лингвистика саласындағы құпия-сырларын аша бастады.

 

Мартин, «Қазақстан және қазақ тілі» атты Берлин лекторатының студенті:

— Менің атым – Мартин. Мен жазда Сүлеймен Демирел университетінде 3 апта қазақша оқыдым.

 

Берлиндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлсім Масақова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гамбург университетінің докторантурасын аяқтаған соң, оған оқытушы болуға ұсыныс түскен. Міне, содан бері Гүлсім үшінші жыл өз еңбегінің жемісін көріп келеді. Қазақ тілін үйренуге талпынғандар саны күн санап артуда. Ал Қазақстанға сапар шегу – тіл үйренуге бет бұрған шетелдік студенттерге таптырмас мүмкіндік.

 

Гүлсім Масақова, филология ғылымдарының докторы:

— Қазақстан туралы мақала, докторлық жұмыс жазатын студенттер бар. Қазақстанға барғысы келетін, Қазақстанда тұрып келген студенттер де бар. Олар өздерінің қазақ тіліне, қазақ мәдениетіне, тарихына деген қызығушылығын көрсетіп, тілді үйренгіміз келеді деген мақсатпен үйреніп жатыр.

 

Жақсы бастама қашан да қолдау табады. Енді қазақ тілі курстарын Германияның өзге де қалаларында ашу жоспарлануда.

http://baq.kz/kk/news/41298

Рубрика: