Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Берлин. 29 қаңтар. BAQ.KZ – 24-25 қаңтар күндері Германияның Гумбольдт атындағы Берлин университеті Орта Азия және Африкатану ғылымдар институты «Қазақстан және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушiсi Гүлсiм Масақованың ұйымдастыруымен қазақ тiлiн шет тiлi ретiнде үйрету мен үйренудiң өзектi мәселелерi жөнiнде ғылыми жиын өттi.  

Іс-шараның күнтәртiбi бойынша бiрiншi күнi баяндама, сұрақ-жауаптармен ашылған талқы жиынның жалғасы келесi күнгi пiкiрталас және практикалық жұмысқа жалғасты. Атап айтқанда, қазақ тiлi туралы баяндамалар оқылып, қазақ тiлiн үйрену мен үйретудiң қиындықтары жөнiнде пiкiрталас өткiзiлiп, келесi жиналысқа тапсырмалар берiлдi.
Аталмыш ғылыми талқы жиында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Рысалды Құсайын Тынысбайұлы және профессор Айбарша Ислам, Корей Ханкүк шет тiлдер университетiнiң профессоры Әлия Құрышжан, Германия Гамбург университетiнiң оқытушысы Марен Фиттшен, Гумбольдт атындағы Берлин университетiнiң оқытушылары Барно Арипова және Моника Матцке, Гүлсiм Масақова, Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінен Гүлайхан Ақтай және профессор Хенрик Янковский, Қазақстан Сүлейман Демирел атындағы университеттің профессоры Майра Жолшаева, Берлин Еркiн университетi түркология мамандығының докторанты Қайрат Қайполлаұлы қатарлы майталман тiл мамандары және жас буын талапкерлердiң қатысуымен өткен басқосу өзiнiң алдына қойған мақсаттарының үдесiнен шығып, қазақ тiлiн шет тiлi ретiнде үйрету мен үйренудегi сақталып отырған өзектi мәселелердi айқындап, осы мәселелердi шешудiң жаңа әдiстемелерiн ортаға салды. Ең қуантарлығы, игi бастама аяқсыз қалмайын деп тұр. Ағымдағы жылдың жаз айларында Берлинде және де жалғастыруға бiр ауыздан келiскен мамандар қолға алған iстерiнен қомақты табыс шығаруға құлықты және сенiмдi екендiктерiн бiлдiрдi.

 

Қайрат Қайполлаұлы,

Германия, Берлин қаласынан.

http://baq.kz/kk/diaspora/906

Рубрика: