Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Футболдан Бразилияда өткен әлем чемпионатын Германия құрамасы ұтып алды. Жексенбі күні Рио-де-Жанейрода өткен финалдық матчта Германия ойыншылары Аргентина құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Финалда тоқсан минут бойы есеп ашылмай, кейін қосымша уақыттың 115 минутында неміс шабуылшысы Марио Гетце салған гол Германия командасына жеңіс әкелді.

Германия құрамасы осымен әлем чемпионатын төртінші рет ұтып отыр. Бұған дейін бұл ел 1954, 1974 және 1990 жылдары әлем біріншілігін жеңген.

Аргентина мен Германия әлем чемпионатының финалында осымен үшінші рет кездесті. 1986 жылғы шешуші матчта Аргентина 3:2 есебімен ұтса, 1990 жылғы әлем чемпионатының финалында Германия Аргентинаны 1:0 есебімен жеңген еді.

Әлем чемпионатының қола жүлдесін Голландия құрамасы алды. Бұл команда қола жүлде үшін өткен матчта Бразилияны 3:0 есебімен ұтты.

Әлем біріншілігінен кейін аргентиналық Месси чемпионаттың үздік ойыншысына берілетін «Алтын допты» алса, германиялық Мануэль Нойер үздік қақпашыға берілетін «Алтын қолғапты» иеленді. Турнир барысында алты гол салған колумбиялық Хамес Родригес «үздік мерген» атанды.

Футболдан келесі әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өтеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140714/330/330.html?id=25455664

Рубрика: