Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинаның шығысында қарулы жанжал басталған 2014 жылдың сәуір айынан бері кемінде 50 мың адам қаза тапқан деп жазады Германияның Frankfurter Allgemeine Sanntagszeitung газеті бүгінгі санында. Басылым бұндай мәліметті герман барлау қызметіндегі дереккөзінен алғанын айтады.

Мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Украина билігінің құрбан болғандар туралы мәліметтері азайтылып көрсетілгендіктен сенім ұялатпайды делінген.

Украина президент Петр Порошенко сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Украинаның шығысында үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шайқастар салдарынан 1200 әскери және 5400 бейбіт тұрғын қаза тапқан деп мәлімдеген еді.

БҰҰ өкілдері ақпанның 3-і күні Шығыс Украинадағы қарулы жанжал барысында 5400-ге жуық адам мерт болған деп хабарлаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150208/330/330.html?id=26835805

Рубрика: