АЛТЫНОРДА
Новости

Геннадий Головкин әлемнің үздік 5 боксшысының тізімінде

photo_29839
Астана. 28 қазан. Baq.kz – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің ең үздік 5 боксшысының тізіміне кірді.

Бұл тізімді америкалық Флойд Мэйуэзер бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Андре Уорд, Тимоти Брэдли және аргентиналық Серхио Мартинес жайғасқан.
Естеріңізге саламыз, Головкин келесі жекпе-жегін 2013 жылдың 2 қарашасында Кертис Стивенске қарсы өткізеді. Кездесу Нью-Йорктегі әйгілі «Медисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Мұның алдында Головкин тағы бір америкалық боксшы Мэтью Маклинді нокаутпен жеңген болатын.
Үнемі арық сөйлеп, семіз шығатын боксшымыз бұл жолы да астамшылыққа берілмеді. «Алда жан алысып, жан берісетін жекпе-жек күтіп тұр. Не ол мені, не мен оны нокаутқа түсіремін, тартысты айқас болғалы тұр. Мүмкіндігінше жеңуге тырысамын», — деп, қысқа ғана жауап қатты Головкин тілшілердің қойған сұрағына.

 

http://baq.kz/kk