Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

cc407ba6581d78130fefa948457dfedbАбай ОМАРОВ (коллаж)

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында Ал­маты қаласындағы аралас мектептердің қа­зақ сыныбына оқушы қабылдамай, ата-ана­лар­дың редакциямызға хабарласып, шу шы­ғаруы үй­рен­шік­ті жағдайға айналды. Бір емес, бірнеше рет қай­таланып отырған жағдайға кімді кінәлайтының да белгісіз. Елімізде жыл өткен сайын қазақ тілінде бі­лім алуға ынталы оқушылардың қатары жыл санап ар­тып келе жатыр. Тіпті баласын мемлекеттік тілде оқыт­қысы келетін өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Бұл түбінде қазақ тілінің өз елінде қанатын кеңге жа­йып, нағыз өз мәртебесіне ие болатынына деген ха­лықтың сенімі болса керек. Әйтсе де осыған қа­рамастан, кейбір білім ордалары басшыларының қа­зақ тілінде білім алғысы келетін балаларды кеу­де­сінен кері итеріп отырғанын қалай түсінеріңді білмейсің.

 

Түрксібтік мектептер қазақ сыныптарын неге түртпектейді?!

Осыдан үш жыл бұрын Түрксіб ауданына қа­расты №49 жалпы білім беретін аралас мектепке қа­­тысты газетіміздің 28 мамыр күнгі №87 са­нында «Қа­зақ сыныптарын жабу туралы әңгіме қай­­­дан шық­ты?» атты мақала жарық көрген бо­ла­тын.

Редакциямызға хабарласқан бір топ ата-ана: «Тү­рксіб ауданына қарасты №49 жалпы білім бе­­ретін аралас мектептегі қазақ сыныптарын се­беп­­сіз­ден себепсіз жауып жатыр. «Жаңа оқу жы­лынан бастап қазақ бөлімінің 1-сыныбына ба­­лалар қабылданбайды» деген хабарлан­ды­руды мектеп алдына іліп қойған.  Мұндағы қазақ сы­­нып­тарының өзі бір-бір сыныптан ғана, тоғыз жыл­дық болатын. Ашыл­ғанына он шақты жылдан ас­са да, тоғыз жыл­дықтан әрі аспай қойған қазақ сы­ныптарын 11 жыл­дық болар деп күтіп жүр­ге­німізде оның өзін қыс­қартып жатыр. Алдағы уа­қытта 1-сыныптан бас­тап балаларды қа­был­дамау арқылы жыл сайын қазақ сыныптарын азайтып, қазақ бөлімін мүлдем жауып тас­та­мақ­шы», – деп шырылдаған.

Жаңа оқу жылынан бастап қазақ сыныбының 1-сыныбына балалар қабылдамайтынын айт­­қан мек­теп басшысы біздің газетіміздің ара­ла­суынан ке­йін ғана қазақ сыныбына балалар қабылдайтынын жет­кізген. Айта кетерлігі, алға­шын­да «аралас мек­тепті орыс мектебіне айнал­ды­­ру жөнінде жоғарыдан нұс­қау келді» деген мек­теп басшысы, артынан ол сөзінен айнып шыға кел­ген. Білім басқармасы да ешқашан аталмыш мек­тепке ондай нұсқау бер­ме­ге­нін айтып ақ­талған-ды. Қазақ бөліміне оқушы қа­был­дамау ар­қылы аралас мектепті орыс мектебіне ай­нал­дыру жөніндегі ұсыныстың қайдан шыққанын анық­тай алмасақ та, соңында мектеп басшы­сы­ның қазақ сыныбына бала қабылдамау жөніндегі жос­парын жүзеге асыруға жол бермегенімізге қуан­ғанбыз. Артынан мәселе шешілгенімен, ара­лас мектепті қазақ сыныптарының есебінен бір тілді мектепке айналдыру жөніндегі ұсыныстың нақ­ты қайдан шыққанын сол күйі анықтай ал­маған едік.

Биыл тағы да…

Биыл тағы да Түрксіб ауданына қарасты №83 мек­тептің қазақ сыныбына балалар қабылдамай жат­­қаны туралы ата-аналар редакциямызға арыз­­дан­ды.

Рауза, ата-ана:

– Осыдан екі жыл бұрын Түрксіб ау­данындағы ата-аналардың өтініші бо­йынша №83 мектептен қазақ сы­ныбы ашылған болатын. Бұл мектеп – өнер мектебі. Ата-аналар «біздің де баламыз өнерлі болса екен» дег­ен ті­лек­пен жоғары жаққа бірнеше рет хат жа­зып жү­ріп, қазақ сыныптарын әзер аш­тыр­ған болатын. Сол кезде қабылданған ба­лалар қазір 2-сыныпты бітірді. Орыс сы­ныбына биыл бірінші сыныпқа жеті сы­нып, да­йын­дық сыныбына төрт орыс бө­лімін қа­был­дады. Ал қазақ сыныбы толып қал­ды деге­н сыл­таумен қазір қазақ сы­ныбына бала қа­был­дамай отыр. Бергің кел­се, балаңды орыс сыныбына бер дейді. Біз баламыздың қазақ тілінде білім ал­ға­нын қалаймыз. Тү­рксіб аудандық білім бө­ліміне арызданып бар­сақ, қасында тұрған басқа мектептерге берсеңдерші дейді. Не­ге біздің баламыз өнер мектебінде оқы­ма­уы керек?! Сондай білікті, алдыңғы қатарлы гим­назиядағы ба­лалар санын неге 50 па­йыз орыстілді, 50 па­йыз қазақтілді жаса­мас­қа?! Қазір олар қа­зақ бөлімінің да­йын­дық сыныбына бала қа­былдамай, был­­­­тырғы дайындық сы­ныбын бірінші сы­нып қыламыз деп отыр. Олар осылайша бала жоқ деген сылтаумен қазақ сы­нып­тарын жауып тастайды. Рас, қасында қазақ мек­тептері бар. Бірақ олар жай мектептер. Біз баламызды гимназияға, өнер мектебіне бергіміз келеді. Жыл сайын көктемде орыс сыныбына балалар қа­был­дай­мыз деп есік­те­рінің алдына ха­бар­лан­дыру жазады, ал қа­зақ сыныптарын көр­сет­пейді. Себебі ба­ла саны толмады деген сыл­таумен қазақ сыныптарын жауып тас­тауды көздейді. Біздің тілегіміз қазақ сы­ныптары көбейсе екен. Сонда олар бір-бірімен қазақ тілінде сөй­леуге де ұмтылар еді. Сыныпта ғана емес, мектеп ауласында да қазақша сөй­лер еді.

Аталмыш мектепке ата-ананың кейпіне еніп біз де бардық. Мектеп директоры мен орынбасарларын таба алмадық. Вахтада отырған апай «қазақ сыныбына бала қа­был­дамаймыз, тек орыс сыныбына. Қазақ сыныптарына бергіңіз келсе, көрші қазақ мектептеріне барыңыз» деді. Сондай-ақ бүгінгі күні қазақтілді бірінші сыныпқа 37 бала қабылданғанын, одан артық қа­был­дай алмайтындарын жеткізді. Осы мә­се­леге орай Алматы қалалық білім бас­қар­ма­сының бастығына хабарластық.

Рахат ШИМАШЕВА, Алматы қалалық білім басқармасының бастығы:

– Мен бұл мәселені сіздерден естіп тұр­мын. Қазір аудандық білім бөліміне ха­б­ар­ласып, мән-жайды анықтап, қайта ха­барласамын.

Шамалы уақыттан соң Түрксіб ау­дан­дық білім бөлімінің бастығы ха­бар­ласып, былай деді.

Мекебай ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ, Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы:

– Сіз Рахат Сейдахметқызына хабар­лас­­қан екенсіз. Осы мәселе жөнінде №83 мек­тептің директорымен сөйлестім. 1 та­мызда мектеп директоры еңбек дема­лы­сынан келеді, сосын тағы бір қазақ сы­ныбын ашады.

Айта кетер жайт, Түрксіб ауданында бұл мәселенің бір емес, екінші рет қайта­ла­нып тұрғанына қарамастан, аудандық бі­лім бөлімінің бастығы бұл мәселе жө­нінде мақала жазбауымды өтінді. Тіпті қазақ сыныбын ашу өзінің тікелей міндеті еке­ніне қарамастан, «мен сіздің айт­қа­ныңыздың бәрін орындап отырмын ғой, сіз де бұл жайлы газет бетіне мақала жа­рияламаңыз» деп сілкінді.

Жалпы…

Биылғы жаңа оқу жылының қарса­ңын­да Алматы қаласындағы жалпы орта бі­лім беретін мектептерді санамалап шық­тық.

Максима НҰРИҚЫЗЫ, Алматы қалалық білім басқармасының жалпы орта білім бөлімінің бастығы:

– Биылғы оқу жылының мәліметі анық бол­­мағаннан кейін, былтырғы оқу жы­лы­ның мәліметін бере аламын. 2012-2013 оқу жылында Алматы қаласы бо­йын­ша 163 478 оқушы білім алған. Оның ішінде қазақ тілінде білім алған оқу­шы­лардың саны 73 782 болса, 85 956-сы орыс тілінде білім алған. Ал мектептер са­нына келетін болсақ, Алматы қаласы бо­йынша жалпы са­ны 185 мектеп болса, оның 59-ы – қа­зақ­тілді, 62-сі – орыстілді, 61-і –аралас, 3-еуі – ұйғыр мектебі.

Оңтүстік Астанада әлі де болса орыс мек­тептерінің саны басым болып тұр. Тә­уелсіздік алып, Қазақ елі дербес ел атанып, қа­зақ тіліне үстемдік берілгеніне жиырма шақты жыл болса да, қазақ тілінің кең қа­нат жаюына бірден-бір әсер етер қазақ мек­тептері санының көбеймей отырғаны өкі­нішті. Қазақ тілін үйретудің негізі ба­ла­бақша мен мектептерде қалыптасатынын ескерсек, неге қазақтілді білім ошақтары мен мектепке дейінгі мекемелер санын кө­бейтпеске? Осы орайда «тіпті қазақ мек­теп­терінің санын көбейтуге жағдай жа­са­лып жатыр ма» деген сұрақ еріксіз туы­н­­дайды. Бұған да күмәніміз бар… Мә­се­лен, жыл сайын қаламызда табиғи өсім­мен қатар, ішкі миграция әсері, оның ішін­де күнкөріс қамымен ауылдық жерден қа­лаға көшіп келіп жатқан қазақтілді от­ба­сылардың көптігі байқалады. Ендеше, осыған сай қазақ мектептерінің саны неге көбеймейді? Олардың санын көбейтудің орнына, керісінше, қазақ сыныптарына ба­ла қабылдамай қою секілді жайттардың тір­келіп жатуы қалай? Мәселен, қа­ла­мыз­да­ғы кейбір мектептерде, мысалы, 9-сыныптың алтау-жетеуге дейін жеткенін көріп жүрміз. Ендеше, бір сыныпта 30 ба­ла­ға дейін қысылып-қымтырылып оқып жат­қан қазақ сыныптарын орыс мек­теп­терінің әсерінен неге көбейтпеске?! Ариф­метикаға салып көрсек, өткен оқу жы­лын­да Алматы қаласы бойынша 73782 бала қа­­зақ тілінде білім алса, 85956 оқушы таза орыс тілінде білім алған. 2010 жылы 68 157 бала қазақ тілінде, 89532 оқушы орыс тілінде білім алғанын ес­кер­сек, ста­тис­тикадан жыл өткен сайын қазақ тілінде білім алатын оқушылар санының көбейіп, орыс тілінде білім алатындар қатарының азайғанын байқауға болады. Ендеше, неге қазақ мектептерінің санын көбейтпеске? Бүгінгі күні қазақ мек­теп­терінің саны орыс мектептерінен де, аралас мек­тептерден де аз екенін жоғарыдағы ста­тистика байқатып отыр. Егер қазақ мек­тептері көбейсе, ба­ласын мемлекеттік тіл­дегі білім ошақта­ры­на бер­гісі келетін ата-аналардың саны әлі де бол­са артар еді. Ал­дымен қазақ мек­теп­терінің санын арт­ты­ра алмай отырып, ата-анаға «балаңды неге қазақ сыныбына бер­мейсің» деп рен­жу­дің, ал қазақ баласына «не­ге қазақша сөйлемейсің» деп кі­нә­лаудың реті бар ма?!

Алматы қаласында ғана емес, қазақ сы­ныптарының санын арттыру жалпы елі­мізде өте баяу жүруде. Еліміздегі қазақ мек­тептерінің көбінде оқушы саны қа­лыпты деңгейден артық. Тіпті оқушы са­ны­ның көптігіне байланысты оқушыларын үш ауысыммен оқытып жатқан қазақ мек­теп­тері де баршылық. Оның үстіне, жыл өткен сайын балаларын қазақ мектептеріне бер­гісі келетін ата-аналар санының еселеп өсе түсуі де қазақ мектептеріне деген сұ­ра­нысты өсіре түсуде. Әйтсе де қоғамның бұл сұранысын дер кезінде өтей алмай отыр­мыз. Тіпті іргетасынан бастап жаңадан қа­лап, қазақ балаларына жаңа қазақ мек­те­бін салып бермесек те, бала санын толтыра ал­май отырған орыс мектептері есебінен қазақ мектептерінің санын неге арттыр­мас­қа?! Әсіресе бұл мәселе Солтүстік облыстарға тікелей қатысты.

Дос КӨШІМ, саясаткер, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:

– Қазір елімізде қазақ мектептерінің са­­ны жеткіліксіз. Әйтсе де қазақ мектеп­те­рі­не деген сұраныс күн өткен сайын өсіп ба­рады. Баласын қазақ мектебіне бергісі ке­летін ата-аналар санының өсе түсуі де қуан­­тып отыр. Біз халықтың осы ынта-ықы­ла­­сына сай қимылдап, дер кезінде қазақ мек­­тептерінің санын көбейтуге, оларды са­­палық тұрғыдан жақсартуға күш са­луы­мыз керек. Бірақ дәл қазір осыған батыл бет­­бұрыс жасау жетіспей тұр. Мә­се­лен, Рид­­дер қаласында 17 мектеп бар екен. Оның бі­реуі ғана – таза қазақ мектебі. Қал­­­ға­ны­ның барлығы – орыс мектептері. Ал жалғыз қа­­зақ мектебіне қазір балалар сый­­май жа­тыр. Жергілікті атқарушы билік өкіл­­дері «жа­­ңадан қазақ мектебін са­ла­мыз» деген құр уәдемен ғана құтылуда. Өз басым есеп­­­теп көр­ге­нім­де орыс мек­теп­те­рінде 5 мың оқушының орны бос тұр­ға­нына, сол орыс мек­теп­­терін бі­­­ріктіру ар­қылы 16 мектептің ең бол­­ма­ған­да бір-еке­уін қазақ мектебіне ай­­нал­ды­руға бо­латынына көз жеткіздім. Тіпті кей­­бір орыс мектептері 30-40 па­йыз ғана то­­лық. Де­­мек, бізге жаңадан мектеп са­­лу­дан гөрі әлгі жартылай бос тұрған орыс мек­­тептерін қа­зақ мектебіне ай­нал­дыру әл­­деқайда ар­занға түсер еді. Мен өз бе­тім­­ше орыс мек­тептерін біріктіру арқылы қа­зақ мектебіне айналдыруды бала санына қа­рай есеп­те­ге­німде жеті қазақ мектебін ашуға мүм­кін­дік барына көз жеткіздім. Бұл – бір ғана Ри­ддер қаласындағы жағдай. Елі­міздің бас­қа да облыстарындағы мек­теп­терде осын­дай өзгерістер жасасақ, қазақ мектеп­те­рінің санын арттыруға мүмкіндік туар еді. Қа­зір елімізде балаларын қазақ мек­те­біне бергісі келетін ата-аналар қа­та­рының артуына орай, осындай батыл ша­­ра­лар жасалуы керек және ата-ана­лар­дың өті­нішіне қарай қазақ сынып­та­рын то­лас­сыз аша беруіміз керек.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

http://alashainasy.kz/society/44434/

Рубрика: