Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

grippa-net.netҒасыр індетіне баланған ЖИТС-ті (СПИД) жұқтырып, өмірі үзіліп жатқандар көп. Дөңгеленген дүниенің басты дертіне айналып, одан құлан таза айығу мүмкін болмай келеді. Әрісі АҚШ, берісі Еуропа мен Азия дәрігерлер-ғалымдары бұған қанша рет бас қатырса да, дауасыз дерттің шипасы болмай отырғаны өкінішті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бұған бей-жай қарап отырған жоқ. Анықталған әрбір науқасты тіркеуге алып, уақытында ем-домын жасап, үміті үзілгендердің ғұмырын аз да болса ұзартпаққа тырысады. Тегін дәрі-дәрмек беру шетелдегі ЖИТС жұқтырғандар үшін қарастырылмаған. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстанда орта есеппен әр науқасқа аптасына 16 мың теңгенің дәрісін ішіп тұру шарт екен. Бұл біле білгенге аз ақша емес.

Әлемде ЖИТС-пен ауыратындар саны 36-40 млн адам аралығында дейді статистикалық деректер. Қазақстанда бұл дерттің құрбанына айналғандар аз емес және жас шамалары 15-49 жас аралығындағылар. Бұрындары тек жезөкшелер мен нашақорларға тән дерт бүгінде жалпыға ортақ ауруға айналған. Қазір бұған шалдыққандар түрлі ортадан. Тіпті, тіркеуге алынғандар арасында ақшасы көп байшыкештер де бар екен. Мұны жұқтыру жолдары тек инемен емес, жыныстық қарым-қатынас арқылы тарайтыны да белгілі. Бүгінде елімізде ЖИТС жұқтырып, өмірден баз кешіп жүргендер арасында бақуатты отбасының балалары көп екенін мамандар растайды. Алайда олардың аты-жөні құпия сақталып, тізімде тұрады.

Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы қала бойынша ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 814 адам екенін таратып отыр. Олардың арасында 26 адамның ЖИТС-ке шалдыққаны және оның 22-сі өмірден өткен.

Салтанат МУСИНА, Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– ЖИТС-ке шалдыққандардың арасында жастар аз емес. Олардың дерт жұқтырмағандарға үйленуі рұқсат берілгенімен, жарына алдын ала айтуы керек. Айтпаған жағдайда бұл қылмыс болып саналады. Мұндай жағдайлар ара-тұра тіркеліп тұрады. Ерлі-зайыптылардың бірі дертке шалдыққан болса оның жары міндетті түрде жұқтырады. Ал ерлі-зайыптылар бірдей ауыратын болса бала сау болып туыла береді.

Жалпы, ЖИТС-ке қарсы күрес қарқынды жүргізіліп, ел ішінде олардың кейбірін арнайы оқшаулау орталығында ұстап отырғанымен дертке тосқауыл болмайды. Мысалы, сырттан келетін мигранттардың да жұқпалы дертті тарату қаупі басым екен. Мысалы, құрылысқа жұмыс іздеп келгендерден ешкім денсаулық картасын талап етпейді. Сонымен қоса тұрақты түрде тоқсан сайын тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Мәселен, батыста немесе шетелдік құрылыс компаниялары құрылысқа жұмысшы аларда бұрын бірінші кезекте денсаулық картасымен қатар, айына бір рет медициналық тексеру жүргізіледі. Біздегі жағдай мұнымен салыстыруға мүлдем келмейді.

Сондай-ақ, қатерлік індетпен ауыратындардың отбасын құру жағдайы да алаңдатады. Себебі, олардың сау адаммен отбасын құруы алаңдатарлық мәселе. Тағы бір айта кететіні, ерлі-зайыптылардың бірінің әлдекімнен жұқтырып алу фактілерінің тіркелгенін орталық қызметкерлері растайды. Осының салдарынан талай отбасының күйреуіне әкеліп соғады дейді. Дертті қалай жұқтырғанын білмей басын тасқа соғатын жайттар да аз емес көрінеді. Тіпті, дәулетімен аты шыққан кейбір адамдардың балалары да мұндай орталықта тіркеуде тұр екен-міс. Дауасыз дертке ұрынғандарға қолдан келері қалған өмірін емделумен өткізу. Орталық қызметкері Еркін Тоқтарұлы тіркеуде тұрған жастардың болашақ жар іздейтінін де айтады.

Еркінбек МОМЫНБЕОВ, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі:

– Түрлі жағдайлар болып жатады. Оларды да біз қоғам болып қолдап, түсіністікпен қарауымыз керек. Бізге ЖИТС-ке шалдыққандар түрлі жағдайда байланысқа шығып жатады. Тіпті, сырқат жігіт өзі шамалас бізде тіркеуде тұратын қыздармен танысып отау құрғысы келетінін айтты. Біз әрине, олардың мекен-жайын, телефонын бере алмаймыз. Себебі, бәрі құпия сақталуы шарт. Олардың да ел қатарлы өмір сүруді көксейді. Бірақ… Ғөп жағдайда ғұмыры ұзаққа бармайды. Өкініштісі сол.

Қазір Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының тізіміне ілінгендер тұрақты түрде медициналық көмекпен бірге консултациялық кеңестер алып тұрады екен. Ал орталықтың олардан талап ететіні, қатерлі дертті таратпаудың алдын алу. Алғаш рет сексенінші жылдардың соңында Теміртауда тіркелген ұлты неміс азаматтан кейін Қазақстанда ЖИТС жұқтырып, өмірі үзілгендер жетерлік. Бір жылда өмірден озатындар саны жүздеп саналады. Ең маңыздысы олар бұл қатерге өзгенің емес, өзінің қалауымен барғандар. Тек соңы осылай боларын білген жоқ…

Автор: Жанкелді Қаржан

Толығырақ: http://alashainasy.kz/tuit/gasyir-ndetmen-kures-kiyinga-sogyip-tur-57714/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: