Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Негізінде, біздің ғалымдарымыз ғылым жолында ізденуден, ашқан жаңалығының жобасын жарқыратып көрсете білуден кенде емес. Арамызда білікті, ізденімпаз, ғылымға шын жанашырлықпен қарайтын азаматтар баршылық. Олардың қайсыбірінің ашқан жаңалықтарына азуын айға білеген Батыстың өзі тамсанып қарайтын кездер де бар. Амал не, сол ғылымға адал ғалымдарымыздың еңбегі еленбей жүргені жасырын емес. Біз бүгін атаулы ғылыми қызметкерлер күнін пайдалана отырып, осы мәселелерді мақаламызға арқау еткенді жөн көрдік.

 

КСРО-ны таңғалдырған қолтаңбалар

Мәселен, кезінде ғалым­да­ры­мыз­дың жаңалықтары бүкіл КСРО-ны таң­ғалдырған-ды. Олардың сол кездегі ашқан жаңалықтары қазірдің өзінде Ресей зауыттарына кәдеге жарап жүр. Ұсақ зауыттарын есептемегенде, Ресей­дің ірі деген тоғыз зауыты күні бүгінге дейін қазақстандық ғалым­дар­дың ашқан жаңалығымен жұмыс істеуде. Мысалы, М.Горький атындағы май зауыты, қатты кір сабындар шы­ға­ратын фабрикалары, тіпті дәрі-дәр­мек шығаратын фар­ма­цев­тика­ла­рын­да біздің химиктер мен тех­никтердің қолтаңбалары бар. Бұлар – біздің ғалымдарымыздың 1983-1986 жыл­дары жасаған еңбектері. Қазір­гі ізденістерінің ішінде де қоғамды селт еткізері баршылық.

Жаңалыққа жақтаушы жоқ

Мысалы, техника ғылымының докторы, профессор Қайыр Жұбанов бастаған бірқатар технигіміз бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізіп, көмір мен ағаштан мұнай жасауға болатын құрал ойлап шығарыпты. Бұл ретте ғалым: «Соңғы кездері әлемдік экономист-сарапшылар «40 жылдан соң Қазақстанның мұнайы түгесіледі» деген болжам айтуда. Сондай сәтте саусақ сорған баланың күйін кешіп қалмас үшін біз жоғарыда айтылған жаңалығымызды ашып, химиялық реактивтерді және сұйықтық заттарды қолдану арқылы көмірден мұнайды қалай алуға болатынын дәлелдедік. Қазақстаннан селт еткен бір адам жоқ. Ал іргеміздегі Қытайдан, Бело­рус­сиядан келген мамандар таңдай қағып, тамсанып кетті. «Мыналарың ғажап! Дереу өндіріске енгіземіз!» деп жобаларымыздың бір парасын қытай­лар сатып алғысы келетіндерін меңзеп өз елдерінде зауыт ашу туралы ұсынысын айтты. Өзге ел еңбегімізді бағалап жатыр. Ал біз өз елімізде еңбегімізді көрсете алмай, ішіміз ашиды» дейді.

Химия ғылымының докторы, профес­сор Хакім СҮЙЕРБАЕВ: «Таяуда жүрек дертіне дауа болатын валидол, корвалол дәрісінің жаңа түрін ойлап таптық. Қазір бұл дәрі Ресейдің фармацевтикалық фабрикаларында өндіріске енгелі жатыр. Ал өзіміздің отандық өндіріс бұл дәрілерді қолданысқа енгізуге құлықсыз», – дейді.

Тағы да сол тәрізді техниктеріміз өнімнің сапасын бұзбай сақтап тұратын зат ойлап тауыпты. Мұны ұн немесе әртүрлі тамақ өнімдерін шығаратын зауыттар өз өнімдеріне қосып шығарса, өнімдерінің сапасы төмендемейді. Тіпті бұл қоспаны жанар-жағармайға қосса да, жанармай­дың өзіндік сапасы арта түспек. Әттеген-айы – ғалымдарымыздың бұл инновация­лық еңбектерінің де елеусіз қалып жат­қан­дығы.

Наномайларды фармацевтикаға енгізетін кез жетті

Бүгінде тағы бір әлемді мойындатып келе жатқан саланың бірі – нанотехнология. Біздің ғалымдарымыз да осы әдістің қыр-сырын меңгеруден кенде қалып жатқан жоқ. Бұл ретте отандық биолог ғалымдар­дың еңбегі ескеруге тұрарлық. Биологтері­міз қазір нанотехнологияның күшімен наномайлар жасау әдісін әбден меңгерген. Осыған байланысты олар фармацевтикаға бұл әдісті енгізетін кезең әлдеқашан жетті деп отыр.

Мұрат ҒЫЛМАНОВ, биология ғылымының докторы, профессор:

– Мен Францияда «Инфекциялық тыныс жолдары ауруларының алдын алатын нанотехнологиялық әдіс» деген атпен арнайы баяндама жаса­дым. Әлем­нің  500-ден аса ғалымы жи­нал­ған басқосуда жаңалығым бірін­ші орын­ды иеленді. Сол-ақ екен, француз­дар, қытайлар «мына жаңалықтарыңыз халықты сақтауға арналған ірі жоба екен» деп сатып алуға да құлық танытты. Бұған қоса біз жүрек дертіне ем бола­тын, бронхы-өкпе, яғни тыныс алу жол­дары ауруларына дауа беретін нано­ма­й­лар ойлап таптық. Дәрігерлердің айтуынша, мен омы­рт­қа­дан құрт ауруы дертіне шалдыққанмын. Дерттен емделу үшін тоғыз ай ауруханада жа­тып, күніне 20-ға тарта таблетканы, төрт антибиотикті үзбей қабылдауым керек екен. Қолхат жазып, ауруханаға жату­дан бас  тартып, үйге келдім. Ойым – өз әдіс-тәсіліммен емделу. Сөйтіп, өзіміз ойлап тапқан, жоғарыда аталған нано-майды омырт­қамның тұсына терінің сыртынан бір жарым ай жақтым. Көріп отырсыз, Алла­ға шүкір, алдыңызда отыр­мын. Барып тексерілдім, дерттен ада бол­дым. Бұл жетістікке дәрігерлер­дің өзі таңыр­қа­ды. Ал ауруханаға жат­қа­нымда улы антибиотиктер ағзама зиянын тигізетін еді. Міне, осы жаңалы­ғымыз­ды халық­тың игілігі үшін пайда­лансақ деп ойлай­мын. 

Жалпы, тізбектесек, қазақ ғылымы­ның өзіндік жаңалығы, жаңашылдығы бар­шылық. Біз солардың ішіндегі бір-екеуін ғана екшеп алдық. Ондағы ойымыз қазақ ғылымының тұншықпағанын, керісін­ше, тұшымды дүниелері бар екенін көрсету болды. Ал ендігі біз үшін қажеттігі – ғылым мен өндіріс арасын жалғайтын өткел. Ол үшін ғалымдардың жаңалы­ғын жарнама­лап өндіріске бағыттап оты­ратын арнайы инновациялық менеджер­лер легін жасақ­тау керек пе болмаса тағы басқа тетіктерді үйлестірген жөн бе, әй­теуір, біз үшін өз елін­­де отандық ғылымды өгейсітпеу маңызды болуы керек.

Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

http://alashainasy.kz/main/41923/

Рубрика: