Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Лидеры G7 за обедомЭкономикасы қуатты «үлкен жеті ел» (G7) егер Шығыс Украинадағы тәртіпсіздік бақылауға алынбаса, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге даяр. Брюссельде 4 маусым күні өткен жиыннан соң «үлкен жетілік» басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады.

«Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын қабылдай алмаймыз және Украинаның шығысында жағдайды тұрақсыздандыру іс-әрекеті тоқтатылуы тиіс. Бұл әрекеттер халықаралық құқықтың негізгі принциптерін бұзады және ол барлық елдерді алаңдатуы тиіс. Ресей Украинаның ішкі ісіне араласқан тұста біз украин халқы мен үкіметін қолдаймыз» делінген құжатта.

Жеті ел басшылары бұған қоса Ресейді Украинадағы президент сайлауының нәтижелерін мойындап, Украинамен шекарасынан әскерін әкетуге және бұл елге бүлікшілер мен қару-жарақ жөнелтуді тоқтатуға шақырған.

Жиыннан соң журналистер алдында сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель Украинаның шығысындағы жағдайдың бұдан ары шиеленісуіне жол беруге болмайтынын, батыс елдері Мәскеуге сепаратистерге ықпал етуі үшін қысым жасауға даяр екенін жеткізді.

Меркель батыс елдері Украинаның шығысындағы жағдайдың реттелуін үнемі қадағалап отыратынын айтты.

«Егер біз мәселені шеше алмасақ, қажет болса тым ауыр санкциялар салуға шамамыз жетеді. Себебі, біз Украинадағы жағдайдың бұдан ары шиеленісуіне жол бере алмаймыз» деді ол.

«Үлкен жетілік» елдері басшыларының саммиті әуелде Ресейдің Сочи қаласында өтуі тиіс болған. Бірақ Ресей Қырымды аннексиялап алған соң, Мәскеудің ісіне қарсылық білдірген «үлкен жетілік» елдері саммитті Брюссельге ауыстырған еді.

Экономикасы дамыған «үлкен жетілік» деп аталатын бейресми топқа АҚШ, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция және Италия кіреді. Құрамына Ресей кірген кездері бұл топ «үлкен сегіздік» (G8) деп аталған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140605/330/330.html?id=25410753

Рубрика: