Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

4c8eb803dfe977fa029467dcdb43c7b7Қазақ боксшысы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша 72,6 келі салмаққа дейінге дәрежеде әлем чемпионы келесі кездесуін 2014 жылы 1 ақпанда Монте-Карлода өткізеді. Бұл туралы ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі америка басылымдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Г.Головкин америкалық Кертси Стивенспен кездесуін Нью-Йорктің ең үлкен спорт ареналарының бірі «Мэдисон Сквер Гарденде» өткізді. 12 раундтың 8 рауындында Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ойын тартысты өтті. Головкин ұдайы шабуылдаумен болды. Головкиннің ауыр соққылары Кертистың мықты қорғанысын кейде бұзып, дарып жатты. Кертис екі рет құлап та қалды. 12 раундтық жекпе-жектің 8 раундында Кертис Стивенс ойынды жалғастырудан бас тартты.

http://bnews.kz/kk/news/post/168514/

 

Рубрика: