Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Париждегі Charlie Hebdo сатиралық журнал редакциясына жасалған террорлық шабуыл мен онан кейінгі өзге де қайғылы оқиғаларда құрбан болғандарды еске алу үшін сенбі күні Франция қалаларында екі жүз мыңнан аса адам көшеге шықты.

Тулузада өткен шеруге 80 мыңға жуық адам қатысқан. Нант қаласында кемінде 30 адам көшеге шыққан. Сол сияқты Орлеан, Безансон, Ницца және Лилль қалаларында он мыңдаған адам қатысқан шерулер өткен.

Жексенбі, қаңтардың 11-і күні Парижде миллиондар шеру өткізілмек. Оған Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель, британ премьері Дэвид Кэмерон және Бельгия, Дания, Италия, Испания, Нидерланд, Түркия үкімет басшылары қатысады деп хабарланған. Сонымен бірге бұл шеруге АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Еуропа Одағы мен НАТО ұйымы жетекшілігінен өкілдер қатыспақ.

Францияда ең жоғары деңгейдегі терроризм қаупі сақталып отырған кезде өткелі отырған жаппай халық шеруі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үкімет полиция мен өзге де күштік құрылымдарға көмекке 500 шамалы әскер жіберетінін хабарлаған.

Сәрсенбіден бастап үш күннің ішінде Парижде қарулы үш адамның іс-әрекетінен 17 адам қаза тапқан. Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын басқан Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына жасалған шабуылда 12 адам мерт болды, олардың арасында 8 журналист пен 2 полиция өкілі бар. Жұма күні полицияның арнайы операциялары барысында өлтірілген әлгі күдікті үш адам, тергеушілердің болжамы бойынша, радикалдық исламшыл топтармен байланыста болған. Қазір полиция олардың сыбайластарын іздестіріп жатыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26787140

Рубрика: