Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус өз елі мен Ұлыбританияның Сирия көтерілісшілеріне қару-жарақ жеткізіп беруге кіріскелі отырғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.Ru хабар таратты.

 

Аталған елдер өздерінің бұл әрекеттерін Еуропа одағы елдері түгелдей қолдамаған күнде де жасайды. Фабиустың сөзіне қарағанда, Париж бен Лондон Сирияға қару жеткізіп беру үшін Еуроодақ алдына бұл елге жасалған эмбаргоны тезірек алып тастау мәселесін қояды. Мұның «қарсылық қозғалысы жауынгерлерінің өздерін қорғаулары үшін қажеттігі» де айтылды. Сонымен бірге, француз министрі шешімнің одақтағы 27 ел тарапынан түгелдей қолдау ала алмайтынын да мойындайды. Сондықтан Франция мен Ұлыбритания қару жеткізу жөніндегі инициативаны өз беттерінше қолға алуды жөн көріпті.

Бұдан бұрын Еуропа одағы эмбаргоны алу немесе созу мәселесін биылғы мамыр айында қарауды жоспарлап қойған екен. Париж бен Лондон енді бұл мерзімді ілгері жылжытуды ұсынбақшы. Осыған орай Фабиус талқылаудың наурыз айының соңында өтіп қалуы мүмкін екені де айтады.

Құрыш Нұрымбет.

 

 

http://www.egemen.kz

Рубрика: