Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози.Франция прокуратурасы 2 шілде күні бұрынғы президент Николя Саркозиге «пара алды» және «қылмыстық тергеу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылғанын хабарлады.

Николя Саркози 1 шілде күні Нантер қаласында ұсталып, коррупциялық қылмысқа қатысты 15 сағатқа жуық тергелгеннен соң айыпталып отыр. 30 маусым күні Саркозидің адвокаты мен екі магистраты тергеуге алынған.

Франциялық ақпарат құралдары 59 жастағы Саркозидің магистраттардың бірінен басқа бір қылмыстық іс бойынша «құпия ақпарат алған» деген күдікке ілінгенін хабарлайды. Кейбір ақпараттар бойынша, Саркозидің сайлау компаниясын Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи қаржыландырған, прокуратура осыны тексеріп жатқан көрінеді.

 http://www.azattyq.org/content/news/25442359.html

Рубрика: