АЛТЫНОРДА
Новости

Forbes ең қымбат Голливуд актрисаларын жариялады

434_2355e1b46ef86784a897560eb2f978bfАстана. 30 шілде. Baq.kz – Анджелина Джоли Голливудта ең көп жалақы алатын актрисалардың тізімін бастады. 

2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың маусымына дейін актриса 33 млн. доллар табыс тапқан, оның ішінде 15 млн. долларды «Малефисента» фильмінде басты зұлым адамды сомдаған рөлі үшін алған. Фильм келесі жылдың көктемінде саудаға шығарылады.

«Голодные игры» жұлдызы Дженнифер Лоуренс рейтингте екінші орында. Соңғы 12 айда 22 жасар актриса 26 млн. доллар табыс тапқан.

Үшінші орында Кристен Стюарт. «Сумерки» вампирлік сагасында Бэлла рөлін сомдаудың арқасында әлемге танылып, 22 млн. доллар табыс тапты. Өткен жылы оның табысы 34,5 млн. доллар болған.

Forbes нұсқасы бойынша Голливудтың ең қымбат актрисаларының ондығына: Дженнифер Энистон (20 миллион доллар), Эмма Стоун (16 миллион доллар), Шарлиз Терон (15 миллион доллар), Сандра Буллок (14 миллион доллар), Натали Портман (14 миллион доллар), Мила Кунис (11 миллион доллар) және Джулия Робертс (11 миллион доллар) кірген.

http://www.baq.kz/kk/news/33114