Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сурет euronews.com сайтынан алынды

Украиндық «Femen» қозғалысының белсенділері екі күндік іссапармен Германияда жүрген Ресей президенті Владимир Путинге наразылық жасады.

 

ГФР-ның канцлері Ангела Меркель мен Владимир Путин Ганновер қаласындағы өнеркәсіп жәрмеңкесін аралап жүрген кезде күтпеген жерден жартылай жалаңаштанып, кеуделері мен арқаларына Путинге қарсы бейәдеп сөз жазып алған «Femen» қозғалысының белсенділері шыға келіп, Путинге ұмтылып, оған «Диктатор» деп айғайлаған.

 

 

Bидео youtube.com сайтынан алынды

Путин болса, украиндық белсенділердің әрекетін жәрмеңкенің жарнамасына жақсы болды деп бағалап, олардың не дегендерін ести алмағанын айтты.

Путиннің Германияға сапары кезінде бір бұл емес, оған қарсы басқада наразылықтар орын алған көрінеді.

Abai.kz

Рубрика: