Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Facebook 4,5 млн. адамды жұмыспен қамтып отырӘлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі, 1,35 миллиард белсенді пайдаланушысы бар Facebook өткен жылдың қорытындысы бойынша әлемдік экономикаға 227 миллиард доллар әкелген.

Сонымен қатар, Марк Цукербергтің компаниясы 4,5 млн жұмыс орнын құруға жәрдемдесті. Facebook тапсырысы бойынша Deloitte & Touche фирмасының зерттеу нәтижесі осындай.

D&T сарапшылары сайтқа қатысы бар кез келген шаруашылық қызметті, гаджетке деген сұраныс, ғаламтор қызметін де есептеген. Көптеген компанияның бизнесі әлеуметтік желіге тәуелді екенін атап өтті. Олар осылайша жарнама жасап, жаңа клиенттерін тартады, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/Facebook-45-mln-adamdyi-jumyispen-kamtyip-otyir-61406/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: